$ 444.22  476.38  4.82

Азаматтық авиация сайтында жолаушыларға кеңес беретін бөлім ашылды

Азаматтық авиация комитетінің ресми сайтында жолаушылар тарапынан ең жиі қойыоатын сұрақтардың жауабы жазылған арнайы бөлім ашылды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жазғы демалыс маусымының басталуына байланысты Қазақстан азаматтарына ел ішінде, сонымен бірге шетелде, сондай-ақ сапалы қызмет көрсету және қолайлы саяхаттауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ресми интернет-ресурсында әуе көлігімен саяхаттаушы жолаушыларға арналған арнайы бөлім ашты. Бұл бөлімде жолаушылар мен багажды тасымалдау рәсімдері, авиабилеттерді сатып алу тәртібі, әуе жолаушыларының құқықтары мен міндеттеріне қатысты және т.б. жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар бар.

Бұл ақпарат жолдағы немесе рейстердің кешігуіне байланысты жағдайға тап болған, сондай-ақ енді саяхаттауды жоспарлап отырған жолаушыларға пайдалы.

Ақпарат Комитеттің aviation.mid.gov.kz ресми интернет-ресурсында «Авиажолаушыларға» бөлімінде қолжетімді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары