Нұрлы жол 21.06.2017 сағат 09:44  824

Шымкенттік студенттер латын әліпбиіне көшудің оңай жолын тапты

Елімізде латын әліпбиіне өту қызу талқыланып жатқанда шымкенттік студенттер қазақ әрпін латыншаға аударудың оңтайлы жолын ойлап тапты деп жазады Хабар-24.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тың жобаны политехникалық колледж тәлімгерлері ұстаздарымен бірге 1 айда жасаған. Интернет жүйенің қолданылу тәсілі өте оңай. Яғни тұтастай сөйлемді бағдарламаға еңгізсеңіз болды компьютер өзі автоматты түрде латын әрпімен жазып береді. Мағынасы өзгеріссіз қалады. Шымкенттік өнертапшықтар туындысын алғаш рет ұйымдастырылған марафонда көпшілік назарына ұсынды. «Хакатон» ашық конкурсына IT-технологиясының жілігін шаққан мамандар қатысып, таңдаулы 20 жобаны ұсынды. Ақылды аялдама. Өрт сөндіргіш дрон. Ашық әкімшілік.Туристерге арналған қаланың инетернет анықтамасы. Жобалардың ішіндегі қазақ әрпін латыншаға тӘр-жімалау жүйесі көпшіліктің қызу талқысына түсті. Өнертапқыштар бұл туындыларын жаңалыққа балап отыр. Оған қоса жобаны тегін орнатып бермек. Әзірге тек әріптердің дыбысталуын жобалап жасаған. 

Қуаныш Рысқұлов, жоба жетекшісі: 

- Паспортта 26 әріппен латын тіліне ағылшын вариантын жазады. Біз әзірге осыны негізге алып отырмыз. Егер мемлекет тарапынан біздің латын әріптерін белгілі бір нұсқада бекітіп беретін болса біз соған қарап, бағдарламаны жарты сағатта дайын етеміз. Яғни біз көпшілік қолданатын аударма яғни қазақ тілін латын тіліне қажет бағдарламаны халыққа дайындап отырмыз.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар