Нұрлы жол 23.06.2017 сағат 09:29  933

Алматы облысында мемлекеттік қызмет саласының үздіктері марапатталды

Талдықорғанда Алматы облысының әкімдігі мемлекеттік қызметте елеулі еңбегімен көзге түскен мамандарды төл мерекесімен құттықтап, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында салтанатты шара өткізді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сала мамандарын құттықтаған  облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашев Елбасының мемлекеттік аппаратты жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударып отырғанына тоқталды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға ықпал ететінін айтты.

«Мемлекеттік қызмет – бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында алдымызға «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» міндетін қойды.  Бұл орайда  мемлекеттік қызметкердің біліктілігі мен кәсіби деңгейі туралы тақырыптың басты мәселе ретінде көрсетілуі тегін емес.  Әрбір саланың жетістігі, алдағы экономикалық өсім, индустрияландыру саясатының тиімділігі, халықтың әл-ауқаты, жалпы алғанда, елдің даму деңгейі сауатты да кәсіби басқарушылыққа тікелей байланысты», - деген  облыс әкімінің бірінші орынбасары жиынға қатысушылардың ел игілігі жолындағы еңбектеріне жеміс тіледі.

Мұнан кейін сөз алған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев та мемлекеттік қызметкерлерге ізгі тілегін білдіріп, мерекемен құттықтады. Сала үздіктеріне  марапаттар тапсырды.

Салтанатты шарада 6 маманға «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі тапсырылса, бірқатар азамат облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды.

Жиын барысында Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар ант қабылдады. Айта кетейік, Алматы облысында жалпы саны  8 642 мемлекеттік қызметкер бар. Осы жылы олардың 5 863-і аттестациядан өткен.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар