Нұрлы жол 22.06.2017 сағат 13:47  588

Жетісу жастары «Жетісу тарландарымен» кездесті

«Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратында «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары «Жетісу тарландары» командасымен кездесу өтті. «Жетісу тарландарын» облыс басшылығы мен жастары атынан Жақсылық Омар құттықтап, өзара әңгімелесті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Жастарға «Айбын» әскери-патриоттық ойыны ұнады, өйткені ондаолар өздерін шыдамдылық пен беріктікке сынап көреді, жауынгерлікрухтарын нығайтады, командада жұмыс істеудің не екенін білеалады»-деді «Жетісу тарландары» клубының жетекшісі Ж.Канапиев өз сөзінде. Жастар жарыстың қызықты болғанын, кездескен кедергілер, жеңістұғырына көтерілген сәттегі сезімдері туралы жарыса әңгімеледі.

Ескерте кетейік, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық жиында 600 адам қатысқан.  Республикалық «Жас ұлан» әскери мектептерінің, өңірлердегі әскери-патриоттық клуб мүшелері мен Ресей Федерациясының Оренбург Президент кадет училищесінің тәрбиеленушілері қатысты. Алматы облысының атынан шыққан «Жетісутарландары» командасы 16өңірден шыққан әскери-патриоттық клуб арасынан жүлделі 1 орынды иеленді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар