$ 446.49  475.38  4.79

«Тату-тәтті отбасыларды жастарға үлгі етіп көрсету керек»

2013 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық отбасы институтын нығайтып, оған жаңа леп әкелетін ұсыныс айтты. Президенттің «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын ұйымдастыру жайлы идеясы бүгінгі таңда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін рсепубликалық сайысқа айналды. Биыл Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша байқауға қатысу құжаттары 12-19 сәуір аралығында қабылданды.

Мамыр айында өткен Ұлттық конкурсқа іріктеуге жалпы 11 отбасы қатысты. Оның барлығы дерлік көпбалалы. Қазақстанның демографиялық жағдайын жақсартуға үлес қосып, ұрпақ санын көбейтуге атсалысып жүрген еңбек үздіктері. Олардың қатарынан Мұхтаровтар, Төртбайлар мен Тұрысбековтер таңдап алынды.

Мәселен, Мұхтаровтар отбасының ерекшелігі – отағасы мен отанасы балаларының білім мен өнерді, ғылымды қатар меңгеріп, жан-жақты болғанын қалайды. Сондықтан, олардың сабақтан, оқудан тыс уақытын тиімді пайдалануына мән береді. Отағасы Дәуітхан Мұхтарұлы қаладағы мешіттер мен жаңа үйлер құрылысының басым бөлігіне қатысқан екен.

«Жыл сайын өтетін  «Мерейлі отбасы» байқауы отбасылық құндылықтарды ғана насихаттап қоймай, жан-жақтылыққа, заманауи жаңалықтан қалмай, заман ағымына ілесуге үйретеді. Қазақстандық үздік отбасы санының көбеюіне ықпал жасайды. Сондықтан, осындай ерекше ұлттық конкурс өткізу жайлы ұсыныс айтқан Елбасымызға алғыс айтқым келеді», - дейді Гүлшат Алтайқызы.

Төртбайлар әулеті шыншылдық пен турашылдықты бірінші орынға қояды. Отбасында қалыптасқан ереже бойынша қандай жағдайда да өтірік айтуға болмайды. Қазір алпыс үш жасқа қараған Төртбай Құрманбек туған ауылында мешіт тұрғызып, халықтың батасын, алғысын алған.

Тұрысбековтер жанұясы ұзақ жылдық тату-тәтті отбасылық өмірінің құпиясымен бөлісті. Олар қазағы салт-дәстүрлі қатаң ұстанады. Келіндерінен де соны талап етеді. Жетпіс жеті жастағы ерлі-зайыпты Тұрысбековтер елу сегіз жылдық отбасылық өмірлерінде сыйластық пен адалдықты ту етіп келеді.

«Осындай ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасылар арасында байқау өткізу дұрыс. Тату-тәтті отбасыларды жастарға үлгі етіп көрсету керек. Сонда, мүмкін, ажырасу саны азаятын шығар», - дейді Тұрысбек Әмірхан.

Барлық жанұя мүшелері ата-ананың бала тәрбиесіндегі басты тұлға екенін жақсы түсінеді. Сондықтан, тәрбие беруге сөзден гөрі істерін үлгі қылуды жөн деп санайды. Байқауға қатысатын отбасыларға қойылатын ең негізгі талап та осы.

Г.Сембиева

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары