$ 498.51  522.84  4.81

Алдағы үш жылда Алматыда тағы 3 метро станциясы пайдалануға беріледі

Алматының жолдарындағы көлік тығындарының проблемасын шешу мақсатында қалада метро станцияларын салу жұмыстары одан әрі жалғаса бермек. Бұл туралы «Алматы­метро­құрылысы» АҚ бас директоры Нұрлан СЕМБИЕВ мәлімдеп отыр. «Алматы­дағы метро бекеттерін салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр», - деді ол тілшілерге берген сұхбатында.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта метроның «Сарыарқа» және «Достық» бекеттерінде жұ­мыс­тар жүріп жатқаны белгілі. Соның ішінде, бір ғана «Достық» стансасы маңындағы 44 жер телімі мемлекеттік қажеттілікке орай сатып алынатын болып­ты. Осы үшін респуб­ликалық бюджеттен арнайы 6,7 млрд. теңге бөлу көзделген екен. Одан қалды, жұмыстарды жүйелі жүргізіп, метро құрылысы жұмысын жыл­дамдату мақ­сатында қала қазы­на­сынан  қо­сымша 2,4 млрд. теңге де қарасты­рыл­ған. Аталған қос бекет құрылысы алдағы үш жылда, яғни, 2020 жылы нақты қолданысқа беріледі деп белгіленген.

Атап өтетіні, бұл метро бекет­теріндегі жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Тіпті, қос бекеттің арасын жалғайтын жерасты жолдары да қазылып, бүгінде олар бітуге айналған. Сондай-ақ, бүгінде оларға қажетті темір-терсек төселіп қойылған. Әрине, қаржы болса, істелінетін жұмыс­тар көп-ақ. Сол себепті, ондағы жұмыс жағ­дайына орай «Қазіргі уақытта бұл метро бекеттерінің құрылысына 650 адам жұмылдырылған. Одан басқа, жалдамалы құрылыс компаниясының 200 адамы осы жерде жұмыс көрігін қыз­дырып жатыр», – дейді, «Алматы­метро­құрылысы» АҚ бас директоры Нұрлан СЕМБИЕВ.

Әрине, алдағы уақыттарда метро бекеттері түсетін бұл жерлердегі бұрын салынған жер үйлерді сүру жұмыстары жаңадан басталды десе де болады. Бұл ретте, қала әкімдігі мұндағы 44 жер телімін биылғы жылы өз меншігіне сатып алуды жоспарлап отыр. Атап өтетіні, мұндағы жер иелерінің барлығы да  өтемақы ретінде берілетін қаржы сома­сымен оңай келісімге келгені қуантты. Әйтпесе, бұрындары үйлері бұзы­латын тұрғындар алдын ала бел­гіленген сомамен келіспей, сотқа дейін апаруға мәжбүр еткізетін. Енді, метрополитен мәселесі қозғалғанда  «Егер бұл жоба жүзеге асатын болса, онда метромен жүретін алматылық жолаушылар саны да артар еді. Оның үстіне, осыған орай мұның өзі 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды деп күтілуде. Өйткені, бұл ауқымды құры­лыстың жалпы құны 73,3 млрд. теңгеге баға­ланған», – деп, Алматы қаласы Эко­номика және бюджеттік жоспарлау бас­қармасының басшысы Мақсат ҚИҚЫ­МОВ өз ойын білдіріп өтті.

Қорыта айтқанда, «Сарыарқа» және «Достық» стансалары, жоғарыда келтір­геніміздей, 2020 жылы толық қолданысқа беріледі деп күтілген. Бұл ретте, құры­лы­сы 2015 жылы бас­талған қос бекетті салуға қазірдің өзінде 11,4 млрд. теңге жұм­салыпты. Ал, енді салынып жатқан бұл екі стан­саның арасы шамамен 3 шақырым­нан асады. Осылайша, метро желісі бұдан да ұзара түсіп, онымен тағы да 80 мыңдай жолаушы жүре алады. Әсі­ресе, бұл ретте негізінен жатын ау­дандар саналатын «Ақсай», «Жетісу» ықшамау­дандары тұрғындарына жұмысқа барып-қайтуда үлкен жеңілдіктер орнар еді.

Ал, бұл айтып отырған метро бекеттері салынып біткен соң, жер асты жолының құрылысы одан әрі «Қалқаман» және «Автобекет» стансаларына дейін созыла түседі деп жоспарланған. Біле білсек, бүгінде Алматыда 9 метро бекеті бар.

Құттыбек АЙМАХАН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары