$ 498.51  522.84  4.81

Алматының әр ауданында 16 жаяу жүргінші аймағы жасалады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапары аясында қаладағы жаяу жүргіншілер аймақтарын қайта жасау жөнінде көшпелі кеңес өткізді. Осы жиын барысында белгілі болғандай, биылғы жылы Алматының әр ауданында 16 жаяу жүргінші аймағы жасалады, сонымен қатар, Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен Астана алаңында жаяу жүргіншілерге басымдылық беріледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Алматыда қала тұрғындарына жайлы болу үшін оң шаралар жүйесі одан әрі жалғасуда, яғни саябақтар мен скверлер, жаяу жүргінші аймақтары қайта жасалып, веложолдар салынуда, қоғамдық кеңістікті қалқалап тұратын қоршаулар алынып тасталуда.

Дәл осы қоршаулардан қаланы босату үшін өткен айдан бері шаһарда «қоршаусыз қала» акциясы басталғаны белгілі. Оның аясында Алматыдағы барлық жоғары оқу орындары өз аумақтарын қоршап тұрған шарбақтар мен темір қоршауларды алып тастауда. Нәтижесінде, жаяу жүргіншілердің демалу аймақтары кеңейіп, тұрғындар қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлініп отыр.

Қаланың Алмалы ауданындағы Дүйсенов көшесі Аренский көшесінен Гайдар көшесіне дейін, Қарасай батыр көшесі Абылай хан көшесінен Масанчи көшесіне дейін толық көгалдандырылады. Бостандық ауданында Тимирязев көшесінің учаскесі Есентай өзенінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі ұзындығы 2,5 шақырым аймақта қайта жасау жұмыстары жүріп жатыр.

Жоба бойынша брусчаткалар төселіп,арықтар созылады, урналар қойылып, қоршаулар және басқалары алынып тасталады. Бұлардың орнына спорт инвентарьлары орнатылып, балалар алаңдары пайда болады, ағаштар отырғызылады, жасыл желекті қоршаулар, клумбалар жасалады.

Жалпы, биылғы жылы әр ауданда 16 жаяу жүргінші аймағы жасалады, сонымен қатар Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен Астана алаңында жаяу жүргіншілерге басымдылық беріледі.

Сондай-ақ, осы сапары барысында Бауыржан Байбек Наурызбай ауданындағы әкімшілік орталықтың және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын, сонымен қатар, Қарғалы өзені бойының абаттандырылуын тексерді.

Бүгінгі күні жалпы ұзындығы 7,7 км болатын Қарғалы өзенінің арнасына бетон конструкцияларын төсеу жұмыстары аяқталды. Жағалауларға қайта топырақ төгу жүріп жатыр, үш өтпелі көпір салынған.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудан тұрығндарының демалуы үшін өзен жағалауы түгелдей абаттандырылуда. Жасыл желектер отырғызылып, гүл клумбалары, альпі таулары жасалған, жасыл аймақтың жалпы көлемі – 1 гектар. Шағын архитектуралық формалар, балалардың ойын алаңдары, декоративті тректер бой көтеріп, жүргінші тротуарлары салынуда.

Қала әкіміне Наурызбай ауданы әкімдігінің жаңа ғимараты шілденің басында ашылатындығы айтылды. Қазіргі кезде мұнда ішкі әрлеу, технологиялық қондырғыларды орнату, нысан айналасын көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бес қабатты ғимарат алдына көлемі 1 гектар болатын сквер жасалады.

АІІД жаңа нысанының, 1200 орынды мектептің құрылысы аяқталып қалды. 500 адам қабылдай алатын емхана да санаулы күндерден кейін іске қосылады. Бұлардың барлығы келесі айдың басында пайдалануға берілмек.

ХҚКО, пошта,сот, прокуратура, әділет басқармасы орналасатын кешенді әкімшілік нысан ішінде де әрлеу жұмыстары жүруде. Бұл кешен биылғы жылдың тамыз айында беріледі деп жоспарланған.

Жалпы, ауданда тұрғын үй салу, магистарльды жолдарды тесу, Қалқаман және Алты Алаш елді мекендерінде ұзындығы 17,3 км болатын жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы поселкесіне дейін ұзындығы 2,08 км болатын жол күрделі жөндеуден өтуде, жолдың көлік қозғалысы бөлігі 4 жолақты болып кеңейтілуде, «Қарғалы» өзені бойындағы көпір қайта жасалып, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын тротуарлар салынуда.

Осы ретте айта кету керек, атқарылып жатқан осынау жұмыстардың бәрі «Алматы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Аталған жобаның басты міндеті – Алматыны әлемдік деңгейдегі заманауи қалалар көшіне қосу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары