Алматыда қызанақтар өсіретін жылыжай кешенінің құрылысы басталмақшы. Алаңы 8 гектарды құрайтын жаңа нысан Алатау ауданы Индустриалды аймағының (ИА) аумағында орналасатын болады. Көкөністер жылыжай кешенінде «гидропоника» технологиясы бойынша, яғни, топырақсыз, жыл бойы өсірілмекші. Жылыжай кешені және тағы да 5 жоба өзінің өндірістерінің құрылысын ИА аумағында бастайды.
ӨҮК мәжілісінің барысында жылыжайда өсірілетін қызанақтардың жоғары сапасына голландиялық жабдықтың және көшетке қосымша жарық беру, тұмандату, перделеу жүйесі, себелеп суару секілді бірқатар инновациялық шешімдердің кепілдік беретіні атап өтілді. Сондай-ақ, пайдаланылған суды тазарту жүйесі көзделген, ол су шығынының екі есеге жуығын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жылыжайда жылына 5000 тоннадан астам қызанақ өсіріледі деп болжануда. Жаңа кәсіпорынды іске қосу арқылы 105 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.
Қолданыстағы көптеген жылыжайларда ескірген технологиялардың қолданылатыны белгілі, яғни, олардың шамамен 86%-ы 1970 — 1990 жылдардағы жылыжайлар. Бұл өнімнің басым бөлігі жабық топырақта сәуір айынан қазан айын қоса алғанға дейінгі кезеңде өсіріледі деген сөз, осылайша, қыс мезгілінде бұл өнім импортпен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, Қазақстан құбыр желісі жабдықтарының зауыты» ЖШС (ҚҚЖЗ) жер телімін алды, ол өзінің қолданыстағы зауытының өндірістік жүктемесін Түрксіб ауданынан ИА ауыстырады. Кәсіпорынның шығаратын өнімінің негізгі түрі жапқыш жабдық болып табылады.
Жобаны Индустриалды аймақ аумағында іске асыру шығарылатын өнімнің көлемін 2 есеге арттыруға, сондай-ақ, қосымша 150 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ӨҮК мәжілісінде «GROUPNAK 8» ЖШС тоңазытылған қамыр өндірісі бойынша жобасы мақұлданды. Жоба бірінші жасаңдағы нан-тоқаш өнімдерінің өндірісіне бағытталған, олар неміс технологиясы мен отандық шикізатты пайдалана отырып, еуропалық жабдықта дайындалатын болады.
Кәсіпорын жылына 720 тонна тоңазытылған қамыр шығаруды жоспарлап отыр. Өнімнің түріне қара және ақ, Cіabata итальян наны, француз багеттері, қытырлақ нан, ішіне тәтті салынған бөлкелер, француз круассандары, кекстер және маффиналар кіреді.
Сондай-ақ, ИА қатысушыларының тізіліміне енуге «Үлгі Құрылыс» пластикалық терезелер өндірісі бойынша цехының, «Гарант Бетон» ЖШС автоклавты газбетон шығару бойынша зауытының, сондай-ақ, «ҚазМонолит Групп» ЖШС металл ауа арналарының өндірісі бойынша цехының кіргенін атап өткіміз келеді.