«ЭКСПО-2017» іс-шарасын өткізу шеңберінде Чжэцзян шет аймағы Халықтық үкіметінің вице-губернаторы Лян Лиминь бастаған 77 кәсіпорыннан тұратын қытай делегациясы Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан-Қытай сауда инвестициялық форумының барысында мегаполис басшылығы өңірдің миллиардерлер саны бойынша әлемнің екінші көшбасшысы болып табылатынын айта келіп, шет аймақтың келешегін атап өтті. Жекелей алғанда, шет аймақта AlіExpress саудалық интернет-алаңының кеңсесі орналасқан.
ІT-индустриясының дамуын назарға ала отырып, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры және «ZhejіangJumoreE-commerceCo., Ltd» компаниясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Осылайша, Алматы кәсіпкерлерінің өнімдері қытайдың «Jumore» электрондық сауда алаңына шығарылатын болады. «Jumore» платформаішілік онлайн-ресурсындағы қазақстандық, жекелей алғанда, алматылық тауар өндірушілерінің арнайы секциясы сайтта бөліп көрсетілетін болады.
Екіжақты ынтымақтастықты нығайту туралы айтатын болсақ, мегаполис басшылығы қытай тарапын Алматыдағы өндірісті оқшаулауға және импорт ауыстырылымына қатысуға шақырды. Бұл үшін қалада барлық жағдайлар жасалған, заңнама деңгейінде инвесторларды қолдау бойынша шаралар кешені қабылданды. Мысалы, инвесторларға 8-10 жыл мерзімге салықтық жеңілдіктер, күрделі шығындардың 30%-ға дейінгі өтемі, шетелдік жұмыс күшінің жеңілдетілген әкелімі, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер және т.с.с. ұсынылуы мүмкін.
Жекелей алғанда, қытай қонақтары өздерінің өнімдерін барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған Индустриалды аймақта орналастыруға шақырылды. Онда 40 компания орналасқан, бұл жобалардың төрттен бірі шетелдіктердің қатысумен іске асырылуда.
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында инновацияны дамыту үшін арнайы қолайлы жағдайлар жасалған, артықшылықтар көзделген, сондай-ақ, онда 150-ден астам ғылымды қажетсінетін және инновациялық кәсіпорындар табысты түрде жұмыс істейді.
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының төрттен бірінің (7,8 млрд. АҚШ доллары) тек Алматы қаласына тиесілі екенін атап өтеміз. 2016 жылы бұл көрсеткіш 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Қытай Ресейден кейінгі бас сауда серіктестігі болып табылады. Ағымдағы жылдың тек 3 айының ішінде өзара тауар айналымы 22%-ға (545,7 млн. АҚШ долларынан 698,9 млн. АҚШ долларына дейін) өсті. Қалада қытай капиталының қатысуымен шамамен 300 бірлескен кәсіпорын және шамамен 1500 кәсіпорын тіркелген.