$ 498.34  519.72  4.85

Астанадан Үшаралға әуе қатынасы ашылды

Енді Алакөлге демалуға барғысы келетіндер демалыс аймағына ұшақпен де жете алады. Бүгін Астана-Үшарал бағытында ашылған әуе қатынасы ашылып, ұзақ жолдың қысқаруына себеп болды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

Жаңа әуе бағыты ойынша аптасына 4 рет екі қала арасында ұшақ қатынайтын болады.

"Астана-Үшарал бағыты бойынша жаңа әуе рейсінің ашылуы – туристер үшін қуанышты жаңалықтардың бірі деп білемін. Қазақстандағы ең ғажайып орындардың бірі – Алакөлге барғысы келетіндердің саны өте көп, сұраныс жоғары болды. Бастапқыда бұл бағыт бойынша аптасына 4 рейс орындалады деп жоспарланып отыр.  Үшарал әуежайындағы ұшу-қону қауіпсіздігі, жолаушыларды тіркеу және тексеру сияқты жұмыстарды барлық талаптарға сай қылу үшін көп іс атқарылды. Жаңа бағыттың ашылуы - жолаушылардың қажеттілігін толықтай өтейді деген үміттемін. Барша жолаушыларға сәтті сапар тілеймін!", – деп жазды министр өзінің жеке парақшасында.

Айта кетейік, Елбасы тапсырмасынан кейін Үшаралдағы аэродром жолаушылар ұшақтарын ұшыруға және қаылдауға лайықталып қайта салынды. 2200 метрлік ұшу жолы күрделі жөндеуден өтті. Жаңа аэровокзалда жолаушыларды қабылдауға, оларды тексеруге барлық жағдайлар жасалған. Астана-Үшарал бағытына ұшу үшін билет құны 16 мың теңгені құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары