$ 498.34  519.72  4.85

Мемлекеттік тілдің өрісі кеңейіп келеді

Қазақстанда Тілдерді дамыту мен қолданудыӊ 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыныӊ екінші кезеӊі аяқталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек» деген болатын.

Қоғамның дамуында  тіл мәселесі маңызды рөл атқарады. Өйткені тіл арқылы адам өз ойын жеткізіп қана қоймай, жаңа мәліметтерді алады. Еліміздің басты заңы – Конституциямыздың 7-бабында жазылғандай, мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады, сонымен бірге мемлекеттік органдарда орыс тілі де қатар жүреді. Белгілі ақын Мағжан Жұмабаев: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілдің болуы.,» – деп тіл жайында терең толғаған. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда мемлекеттік тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында көптілді білім беруді қамтамасыз ету де мемлекет саясатының басты тармағы. 2020 жылға қарай барша Қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95 пайыз және ағылшын тілін 25 пайызы меңгеруі тиіс» деді Елбасы.

Биыл Тілдерді дамыту мен қолданудыӊ 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыныӊ екінші кезеӊін жүзеге асыру жұмыстары аяқталды. Қазақстанда тіл саясаты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заӊына, Тілдерді қолдану мен дамытудыӊ 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысыныӊ «Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру аясында Қазақстанда тілдерді одан әрі дамыту мәселелері жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Бақытжан Сағынтаев тілдерді дамыту еліміздегі басымдықты міндеттердіӊ бірі болып табылатынын айтты, соған орай мемлекет барлық ұлыстардыӊ тілдерін және үш тілділікті дамытуға жағдайлар жасауда. Мемлекет басшысыныӊ Жолдауында үш тілді білім беруге кезеӊ-кезеӊмен ауысуға ерекше көӊіл бөлінген. Сондықтан да Үкімет алдында осы ауысымды қамтамасыз ету міндеті тұр. Мәдениет және спорт министрлігіне және Білім және ғылым министрлігіне, әкімдерге түсіндіру жұмыстарына барынша күш салып, халыққа қазақ тілін үйретудіӊ тегін курстарын ұсыну жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

ҚР Премьер-министрі өзге тілдерге үйрететін курстардыӊ да қолжетімділігін арттыруға, соныӊ ішінде интернет желісінде арнайы ақпараттық көздер арқылы оқытуға көӊіл бөлу керектігін және тілдерді оқытудыӊ соӊғы шыққан заманауи әдістемелерімен оқу құралдарын шығару қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Б. Сағынтаев тілдерді үйрету үшін бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ әлеуетін пайдалану қажет екенін және арнайы бағдарламалар мен үйрететін видеоөнімдерді әзірлеу жұмыстарын ретке келтіру қажеттігін атап өтті.

Тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аса тиімділігі мен оӊ нәтижелерін көрсетуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту мен қолданудыӊ мемлекеттік бағдарламасыныӊ жүзеге асырылу барысы туралы мәселе қаралған ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты.  Министрдіӊ айтуынша, биыл Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту мен қолданудыӊ мемлекеттік бағдарламасын 2014 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеӊде жүзеге асырудыӊ тиімділігін бағалау жүргізілген. Жалпы, соӊғы 3 жыл ішінде Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру қорытындылары орташа тиімділігін көрсетті, баллдық жүйе бойынша мүмкін болатын 4 баллдан 2,66 баллмен бағаланды. 

3 критерий бойынша бағалаулар біршама жоғары болды. Мақсатты индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі 88 пайыз құрады. Т. Сүлейменов атап өткендей, Мәдениет және спорт министрлігініӊ есебіне сәйкес, соӊғы 3 жылда Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 16,7 млрд теӊге бағытталды, оныӊ ішінде 14,9 млрд теӊгесі немесе 89,3 пайызға игерілді.

Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту мен қолданудыӊ мемлекеттік бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуы барысы мен тұрғындардыӊ қанағаттану деӊгейін анықтау бойынша сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, сұралғандардыӊ 85 пайызы Мемлекеттік бағдарлама туралы хабардар. Сауалнамаға қатысушылардыӊ жартысынан көбі мемлекеттік тілді тұрақты қолданады,басым бөлігі (63,7) соӊғы кезде тіл мәдениеті жақсарды деп санайды, яғни, адамдардыӊ тіл білімдерін, біліктіліктерін, дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту деӊгейі артқан. Сұралғандардыӊ жартысыныӊ мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттердіӊ сапасына көӊілдері толады. 

Мемлекеттік бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру аясында Т. Сүлейменов тұрғындармен мемлекеттік тілге оқытудыӊ қолда бар мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, интернет пен телевидениеніӊ әлеуетін барынша пайдалануды, жеке секторды халықты мемлекеттік және басқа да тілдерге оқыту бойынша шараларға белсене тартуды, сонымен қатар Мемлекеттік бағдарламада Қазақстанда үш тілділікті дамытуды күшейту бойынша шараларды қарастыруды ұсынды. 

Қазақстанда мемлекеттік тілді меӊгерген халық үлесі артуда. 2016 жылы Қазақстанда мемлекеттік тілді меӊгерген халық үлесі 82 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының пікірі төмендегідей.

Министр 2014 жылы мемлекеттік тілді меӊгерген халық үлесі 72,1 пайызды құраса, 2015 жылы 76,3 пайызға жеткенін айтып өтті. Қазіргі таӊда «Қазтест» жүйесі негізінде қазақ тілін білу деӊгейін анықтау жыл сайын артуда. 2016 жылы тестілеуден өткендердіӊ жалпы саны – 73 732 адамды, оныӊ ішінде мемлекеттік қызметшілер саны шамамен 40 000 адамды (53,5 пайыз) құраған. 

«Мемлекеттік бағдарлама аясында 2014-2016 жылдар аралығында оқу-әдістемелік құралдар, әлем әдебиеті классиктерініӊ шығармалары, танымдық, ғылыми-публицистикалық, балаларға арналған кітаптар және т.б. қоса алғанда, барлығы шамамен 88 баспа жобасы жарық көрді. Оныӊ ішінде өзге тілдерде шығарылған жобалар саны – 24. Сонымен қатар мемлекеттік тілді үйретудіӊ жаӊа әдістемелері «Қазақ сөзі» оқу құралдары әзірленді», – деді А. Мұхамедиұлы.

Өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымыныӊ үлесі 91 пайызды құрады. Сонымен қатар, елімізде 87 аймақтық қазақ тілін оқыту орталықтары жұмыс істейді. Дегенмен, статистикалық-есеп және қаржылық құжаттамалардыӊ мемлекеттік тілге ауыспау фактілері кездеседі.

«Ұлт жоспары – 100 қадамның» 89 қадамы – «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Бұл тұрғыда мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік ел құндылықтарын енгізу қарастырылған.

Бұл қадам бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тілдерді дамыту саласында Қазақстан Республикасында тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асырудың ІІ кезеңін (2014-2016 жылдар) табысты аяқталды. Ал бүгінде бағдарламаны іске асырудың 2017-2019 жылдарға арналған  жоспары бекітілді.

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші кезеңі (2017-2019 жылдар) аясында мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру, мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру, тіл мәдениетін жетілдіру, Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау, қолдау, ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену бағытындағы жұмыстар жалғасатын болды.

Мемлекеттік тілді дәріптеу және өзге тілдерді білу мақсатында республикалық конкурстардың («Текті сөздің төресі – терме», «Мемлекеттік тіл және БАҚ», Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің дәстүрлі республикалық байқауының; «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте», «Тіл шебері», «Тілдарын») ережелері әзірленді.

Д.Мыңжасарқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары