$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысына көгілдір отын тарту жұмыстары жалғасуда

Алматы облысын газбен қамту жұмыстарына 2013 жылдан бері баса назар аударылып келе жатыр. Өңірдегі барлық ел­ді мекенді газбен қамту үшін барлығы 3300 шақырым газ желісі тартылуы керек. Бүгіндері осы жоспардың бір­азы іске асырылып жатыр. Мәселен, биыл Талдықорған қаласының орталық аумағының 22 пайызын көгілдір отынмен қамту жоспарланған деп жазады Egemen.kz.

Сонымен бірге, облыс орта­лы­­ғының шығысына, Өтенай ауыл­­дық округіне, оңтүстік-шы­ғыс және солтүстік аумақтарға газ желісі тартылады. Бұл жұ­мыстар ойдағыдай орындал­са, жыл со­ңы­на қарай жос­пар­да­ғы 22 пайыз ғана емес, қа­ла тұр­ғындарының жартысы кө­гіл­­дір отынды пайдалана алады де­ген сөз.

Талдықорған қаласына газ құбырларын тарту жұ­мыс­тары төрт кезең бойынша орын­далады. Алғашқы кезекте «Қаратал» шағын ауданы, Абы­лай хан, Жансүгіров, Гау­һар ана көшелерінің бой­ын­дағы, облыстық аурухана, автобекет және орталық ба­зар­дың маңындағы жеке және көп қа­бат­ты тұрғын үйлер, «Тал­ды­қор­ған» индустриялық аймағы мен Оңтүстік өндірістік аймақ газ желісімен қамтылады. Екінші ке­­зекте «Самал», «Жастар» ша­ғын аудандары мен Қабанбай ба­тыр, Чкалов, Белов, Шевченко кө­­шелерінің бойындағы жеке жә­не көп қабатты тұрғын үй­лер­ге газ жеткізіледі. Үшінші ке­зекте Өтенай және «Шығыс» ша­ғын ауданы мен Жансүгіров, Алматы, Тілек Әбжалиев кө­ше­сінің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізеді. Соңғы кезекте Ер­кін, Көктал ауылдары мен қала ма­ңы­н­дағы саяжайлар газдандыры­ла­д­ы.

Бүгінге дейін Талдықорған қаласына газ желісін тарту жұ­мы­сы белгіленген жоспар бойынша орындалған. Демек, биылғы жоспардың уақтылы орындалатынына сенім мол. Айталық, өткен жылы қаланың орталық аумағының – 23, шығыс аумақтың – 17, Өтенай селолық округінің – 7, Еркін селолық округінің – 20, оңтүстік-батыс аумақтың – 11, солтүстік аумақтың – 22 пайызына газ тартылған. Биылғы жоспар бойынша қаланың орталық аумағының – 22, шығыс аумақтың – 15, Өтенай ауылдық округінің – 13, оңтүстік-шығыс аумақтың – 13, солтүстік аумақтың – 27 пайызына газ желісі жеткізіледі. Демек, жыл соңына қарай қаланың 50 пайыздан астамы көгілдір отынмен қамтылады.

Келісімшартқа орай, газбен қамтуды міндетіне алған мекемелер газ құбырын әр үйдің қақпасына дейін жеткізіп беруге міндетті. Одан арғы жұмыстар мен оның шығыны тұрғындардың өзі­не тиесілі. Сырттағы газ же­лі­сін үйге енгізуге қатысты жұ­мыс­тарды үй иелері өз қар­жы­сымен ат­қарады. Іргеден өтіп жатқан қолжетімді газды қол созым жерге тартып алу кім-кімге де қиындық туғыза қоймайтыны анық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары