$ 449.58  486.94  4.86

Диплом бар, жұмыс жоқ демеңіз...

Бүгінгі таңда жұмыс іздеп сабылып, талай жұмыс берушілердің табалдырыған тоздырып жүрген жұмыссыз азаматтарды саны артпаса, кемімеген. Төрт жыл бойы оқып, оқыған мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүрген жандардың да саны күн санап артуда.

Сеул қаласында білімін жетілдіріп келген жас маман, косметолог Индира Сәтім бүгінде жұмыссыздар қатарын көбейтіп отырғанын айтады.

– Шаш үлгісі және бет әрлеу мамандығы бойынша білім алдым. Кәсіптік сала деп өзім қалап таңдағам. Дегенмен қазір, жекеменшік мекемелерге де бас сқғу қиын сияқты. Жұмысқа орналасудың қандай жодары барын да біле бермеймін. Жасым 19-да, мемлкеттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналасқым келеді, - дейді жас маман.

Біз осы орайда жұмысқа орналасудың жолдарын іздеген жас мамандарға мемлекеттік бағдарламалар мен жұмыспен қамту орталығының жұмыстарын түсіндіруге тырыстық.

Жалпы, елімізде өткен жылғы есеп бойынша жұмыссыздардың саны экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың немесе жұмыс күшінің 5 %-ын құрады. Статситикаға сүйенсек, экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны шамамен 8,6 млн. адам, демек жұмыспен қамтылмаған адамдардың саны 430 мыңды құрап отыр.

Ал жастар (18-24 жас аралығындағы) жұмыссыздығының деңгейі 4,6%-ды құрап отыр. Жұмыссыздық деңгейін барынша төмендету үшін Үкімет әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі болып табылатын «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруда.

Жұмысыздарды жұмыспен қамту үшін арнайы бағдарламалар іске асырылып, еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа орналастыру – еліміздің экономикалық жағдайына да оң әсері бар. Сол үшін мемлекете түрлі бағдарламаларды жасап, жұмыссыздықпен күресті күшейтуде.

«Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і мәліметінше, жыл басынан бері  орталыққа жұмыспен қамту мәселелесі бойынша 14 мың 391 адам хабарласыпты. 

– 14 мың 391 адамның ішінен 10 мың 171 адам нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы мемлекет тарапынан көрсетілетін белсенді шаралар арқылы тиісті көмектерін алды.  Атап айтқанда, 379 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 396 адам жастар практикасына, 1136 адам қоғамдық жұмыс орындарына және 548 адам қысқа мерзімдік оқу орындарына жіберілді және   7658   адам жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналастырылды, - дейді «Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і басшысының орынбасары Керімқұл Жекетаев.

Жұмыспен қамтудың тамаша бір қамқорлығы, бос орындар, жұмыс туралы қосымша мәліметтер мен ақпараттар жарнама арқылы да беріліп отырады. Мәселен, Алматы қаласы бойынша орналасқан «Сайран» автобекеті, Алматы теміржол вокзалдарында, Алматы метрополитен станциялық аялдамаларында, сонымен қатар «Green Bus Covpani» ЖШС автобус паркінің №1,2,3 автобустарында тиісті жарнамалар беріліп отырады. Сонымен бірге, қазіргі таңда әлеуметтік желілердің қоғамдық орнын ескерген мамандар бүгінде Facebook, Instagram, Youtube, В контакте сияқты әлеуметтік желілерде хабарландырулар мен жарнамалар  беріп тұрады.

Жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша  он тоғыз Бос жұмыс орындары жәрменкесі өткізілген.

– Осы өткізілген Бос жұмыс орындары жәрменкесі арқылы 10 мыңнан аса адамдар келіп қатысуға мүмкіндік алған. Осы адамдардың ішінен 2500 адам нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының белсенді шаралары арқылы жодамалар беріліп, 2 мыңнан астам адамдар тұрақты жұмыс орындарына, 24 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 31 адам қоғамдық жұмыс орындарына, 10 адам жастар практикасына орналастырылып, 36 адам қысқа мерзімдік даярлау курстарына жіберілді, - дейді Керімқұл Жекетаев.

Айта кетейік, «Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і мемлекеттік бағдарламалардың қолдау мақсатында алдағы уақытта да түрлі іс-шаралар мен Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыруды жсопарлап отыр.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Халықаралық еңбек ұйымы 2019 жылға дейін әлемде тағы да 11 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін деген мәлімдеме жасаған болатын. Жалпы, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесінің уақыт өткен сайын өзектілігі артуда. Тіпті, ресми орындар да жұмыссыз жастар қатарының артқандығын жоққа шығара алмайды. Дегенмен, жоспардағы мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылса, нақты іске көшу қажет.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары