$ 465.74  537.23  5.62

«Лео. Бекем бол!»: Роналду Мессиге көңіл айтты

Фото: Чемпионат
Фото: Чемпионат

Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Аргентина құрамасы және «Интер Майами» футболшысы Лионель Мессиге әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мессидің әкесі Хорхе Месси ұзақ уақытқа созылған аурудан кейін 7 тамыз күні 69 жасқа қараған шағында қайтыс болған еді. Осыдан кейін аргентиналық футболшы әлеуметтік желіде әкесіне арнап жазба жариялады.

Роналду сол жазбаның астына Мессиге қолдау білдіріп:

«Осы қиын сәтте сені және жақындарыңды құшақтаймын, Лео. Бекем бол», – деп жазды.

Айта кетейік, Лионель Месси сәрсенбі күні АҚШ-қа оралып, «Интер Майами» клубына қосылады деп күтілуде. Алайда оның алаңға нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0