Нұрлы жол 02.08.2017 сағат 11:56

Ұлт жоспары: энергетика саласындағы өзгерістер тарифтің арзандауына алып келеді

Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің негізгі мақсаты баламалы электр көздерін тауып, оны қолданысқа енгізу болып табылады. Яғни, дәл қазір тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде электр энергиясына қолжетімділікті қамтамасыз ету үлкен проблемаға айналған. Бұл ретте алысқа бармай Тәжікстан мен Қырғызстанды және Өзбекстанды мысалға алуға болады. Электр қуатының тапшылығы аталған елдерде айтарлықтай сезіліп, экономикасының дамуына үлкен кедергі келтіріп отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның да жағдайы аса мәз емес. Дей тұра көрші елдермен салымстырғанда көш ілгеріміз. Дегенмен, болашақта осындай проблемаларға тап болмауымыз үшін елімізде қазір баламалы энергия көздерін қолдану ісі етек жайып, электр қуатын үнемдеу шараларын үкіметтің өзі жүргізе бастады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өзі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бұл мәселеге ерекше тоқталып өткен болатын.

Елбасының осы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында бүгінде елімізде бірнеше іс-шара атқарылып үлгерді. Осы шаралардың барысын бүгін ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифинг барысында айтып өтті. Атап айтқанда, ол «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында энергетика саласында көзделіп отырған өзгерістер туралы баяндады.

Б.Жақсалиев Ұлт жоспарын іске асыру барысында электр энергетикасы мәселелері бойынша бірқатар жаңашылдықтар қарастырылған заңнамаға түзетулер енгізілгенін мәлімдеді.  

Сонымен қатар, салаға инвестициялар тартуды ынтыландыратын жаңа тарифтік саясат іске қосылады. Сондай-ақ өңірлік желілік компанияларды ірілендіруге жағдайлар жасалады. Бұл электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, өңірлерде электр энергиясын жеткізу шығындарын қысқартуға және соңғы тұтынушыларға оның бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

«Бізде еліміздің энергетикалық кешенін ырықтандыру мен жекешелендірудің арқасында көптеген электр таратушы ұйымдар пайда болғаны анық. Бүгінгі таңда олардың саны шамамен 160, ал шын мәнісінде, барлығының атқаратын міндеті бір – электр энергиясын тарату», - деді Б. Жақсалиев.

Ол ірілендіруді ынталандырушы тетіктер ретінде энергия таратушы ұйымдарды иесіз электр желілерді теңгерімге алған кезде мүлік салығынан және КТС-дан босату, олар іріленген жағдайда табиғи монополиялар саласында заңнама тыйымдарын алып тастау және т. б. болатынын айтып өтті.

Сонымен қатар ұйымдарға талаптар қойылатын болады, олардың қатарында: диспетчерлік технологиялық басқарудың болуы, жасақталған оқытылған және аттестатталған мамандары бар қызметтердің болуы, жүйелік қызметтер көрсетуге жүйелік операторлармен келісімшарттардың болуы, коммерциялық есептің автоматтандырылған жүйелерінің болуы.

«Бұл ЭТҰ-дың санын 2022 жылға қарай 30%-ға, 160-тан 110-ға дейін қысқартуға және энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыруға, иесіз электр желілерінің мәселесін шешуге мүмкіндік береді», - деді Б.Жақсалиев.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар