$ 498.55  524.28  4.75

Қызылордада «100 нақты қадамның» 100-ші қадамы жүзеге асты

Елімізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылған уақыттан бері мемлекеттік органдардың көбі қағазбастылықтан арылғаны белгілі. Аталған орталықтар сондай-ақ, әділет органдары жұмысына ашықтық алып келді. Үшіншіден, тұрғындар бұрынғыдай әр есікті бір қақпай, құжатнама жұмыстарының бәрін бір терезеден шеше алады. Қазақстанның осынау тәжірибесіне халықаралық сарапшылардың өздері оң бағасын беруде.

Мұны не үшін айтып отырмыз? Бұдан былай дәл осы ХҚКО негізінде бүкіл еліміз бойынша «Құқық қорғау қызметтері орталығы» ашылатын болады. Мұны Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 100-қадамында жіті тапсырған. Яғни, тұрғындар заң тұрғысынан ақыл-кеңестің барлығын су тегін аталған орталық мамандарынан ала алады.

Бүгінде мұндай орталықтар елімізде ашыла бастады. Атап айтқанда, алғашқы орталық бүгін Қызылорда қаласында өз жұмысын бастады.

Орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Қ. Көшербаев, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі С.Сүлеймен, облыс прокуроры Х. Дәуешов және қала әкімі Н. Нәлібаев қатысты.

Жобаның мақсаты – азаматтардың мемлекеттік және құқықтық органдарға деген сенім деңгейін арттыру, сапалы құқықтық қызметтерге «бір терезе» қағидасы бойынша қол жеткізу арқылы, атқарушы және құқық қорғау органдары мен халықтың арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету.

Заманауи орталық толықтай электронды жүйемен, сондай-ақ күту залы және өзге де қажетті құралдармен жабдықталған.

Қызылордалықтар осы орталықта прокуратура, ішікі істер, әділет органдары, әкімдік қызметкерлерімен қатар, қорғаушылар мен медиаторлардан кеңес ала алады.

Бұл орталықтың қала әкімдігінің жанынан ашылуы да кездейсоқтық емес. Себебі, аймақ халқының басым бөлігі облыс орталығында орналасқан және халыққа көрсетілетін қызметтермен тікелей айналысатын жергілікті орган болып табылады.

Жалпы, қала тұрғындарымен байланысты арттыру және барынша ашықтықты қамтамасыз ету бағытында бұған дейін де қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Мысалы, қала әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен кент және ауылдық округтерде арнайы сенім телефондары, қоғамдық кеңес, қоғамдық қабылдау және бұдан бөлек қала әкімдігінің ресми веб-порталы, Facebook, Twitter, Вконтакте, Іnstagram секілді әлеуметтік желілерінде арнайы парақшалар мен Whatsapp мессенджеріндегі Open Kyzylorda жобасы сәтті жұмыс жасап келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары