$ 447.4  477.55  4.76

Всеволод Лукашёв, Алматы қалалық Орыс ұлттық мәдени орталығының басшысы: «Орыс мәдениеті қашанда сұранысқа ие болған, болады да»

Алматы қаласындағы Орыстың ұлттық мәдени орталығы 1989 жылы құрылған. Бұл орталықтың негізгі қызметі орыс халқының өзіндік мәдениетін сақтау болып  табылады. Сол себепті Орыстың ұлттық мәдени орталығы қалалық барлық мәдени шараларға белсене қатысып, өз мәдениетін, асханасын, өнерін танытуға тырысады. Бұл жұмыстардың қалай атқарылып жатқанын білу мақсатында осы орталықтың басшысы Всеволод Лукашевты әңгімеге тартып көрген едік.

– Орталықтарыңыз нақты немен айналысады? Жопарлы түрде қандай жұмыстар атқараасыздар

– Біздің орталықтың негізгі қызметі – орыс халқының өзіндік мәдениетін сақтау болып табылады. Осы мақсаттарды орындаумен орталықта 11 адамнан тұратын одақ құрылған. Бұл одақ Алматы қаласындағы орыс православ шіркеуінің Епархиалдық басқармасымен, М.Ю.Лермантов  атындағы орыс драма театрымен, Алматы қаласындағы Қазақстан халқы ассамблеясымен, өнерпаз ұйымдармен, көркем, өнер шығармашылық ұжымдарымен, қоғамдық ұйымдармен, мәдени орталықтармен және Алматы қаласының әкімшілігімен тығыз қатынас жасайды.

– Қалалық мәдени шараларда сіздердің орталықтың ансамбльдерін жиі байқаймыз. Жалпы мәдени шараларға қатысатын ұжымдарыңыз туралы толығырақ айтсаңыз?

– Көркемөнерпаз ұжымдарының арасында ең танымал  ансамбльдер: «Рябинушка», «Солнышко», «Семиряночка». Олар қалалық, республикалық, аудандық іс-шараларға, сонымен қатар, ұйғыр, корей, украин мәдениетіне арналған концерттерге белсене қатысып тұрады. Бұл әрине халықтар арасындағы мәдени орталықтарының қарым-қатынасының нығайуына өз септігін тигізтеді. Осы орталықтардың көркемөнерпаз ұжымдары Абай, Жамбыл, Әуезов т.б атақты даналарға арналған мерейтойларына қатысып, Қазақстан халқы ассамблеясының төрайымы атынан және Алматы қаласы әкімінің атынан мақтау қағазымен марапатталды.

– Естуімізше, орыстың ұлттық мәдени орталығы қайырымдылықпен де айналысады екен, сол туралы айтыңызшы...

– Бұл енді қайырымдылық деуге келе ме, жоқ па, білмеймін, «Рябинушка» ансамблі айына екі рет интернаттарда, балалар үйлерінде, санаториларда, қарттар үйінде тағы басқа ұйымдарда тегін концерттерін өткізіп тұрады.

– Сіздің орталықтың конфессияаралық келісім туралы саясатқа көңілі тола ма?

– Жалпы біздің елімізде дәстүрлі діни және этникалық төзімділік жоғары деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңына сәйкес, «Ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Діни сенім бостандығын күшейту заңнамасы жолға қойылғанына қуанамыз. Қазақстан Республикасы азаматтардың этникалық және діни көзқарасына қарамастан азаматтардың теңдігін сақтайды. Адамдық және азаматтық құқықтарға тыйым салуға шектеу қойылған. Осы тұрғыда конфессияаралық келісім барлық мәдени орталықтарға оң әсерін тигізіп отыр деп есептейміз.

 Конфессияаралық келісімдегі ынтымақтастық туралы ойыңызбен бөліссеңіз?

– Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ  мемлекеттік қоғамда еліміздің негізгі байлығы этносаралық және конфессияаралық келісімі екенін белгілеп қойған ғой. Біздің республикамыз тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өтеміз. Бұл арадағы уақыт пен бейбітшіліктің тұрақтылығының дәлелі болса керек. Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында ең маңызды фактор бейбітшілік пен этносаралық келісімді сақтау екенін атап көрсеткен. Қазақтан халықтарының бірлігі де соның нәтиджесі деп сенеміз.

– Сіз басқарып отырған Орыс ұлттық мәдени орталығының жемісі деп нені айта аласыз?

– Біздің орталық орыстың мәдениетін ғана емес, ұлттық тағамдарын дәріптеп, салт-дәстүрін айшықтап жүреді. Қай ғасырды, қай заманды, қай уақытты алсаңыз да орыстың мәдениене деген сұраныс жоғары. Ол үшін оқу-білім, ғылымға ұмтылғандар тарихтан белгілі. Яғни орыс мәдениеті қашанда қажет деп білеміз. Ол әрқашан сұранысқа ие болған, болады да.

–Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан: Ақбота Мұсабекқызы

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары