$ 498.55  524.28  4.75

Бірінші иституционалды реформаны іске асыру үшін мемлекеттік қызметшілерге сыйақы тағайындалады

«Бес иституционалды реформа – Ұлт жоспарын» Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың наурызында Астана қаласында өткен Нұр Отан партиясының кезекті 16 съезінде сайлауалды бағдарлама ретінде ұсынған еді. Мақсат айқын: заң мен экономиканың, мемелкеттік қызмет пен жарқын болашақ үшін сапалы қызмет ету болып табылады.

Осыған сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жүйелі жұмыс жасап келеді. Мәселен, бірінші институционалды реформаны жүзеге асыруда депарьтмент басшылары мен қызметкерлері бүгінге дейін біршама шаралар атқарған. Атап айтқанда, жұмысының нәтижесі бойынша еңбекақы төлеу шеңберінде, Заңның 33-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау мақсатында олардың жұмысын бағалау жүргізіледі. Оның ішінде, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалаудың нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік лауазымын төмендету не қызметтен шығару жөніндегі шешімдерді қабылдауға негіз болып табылады.

– Алматы қаласындағы жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №110 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі негізінде, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемелерін әзірлеп бекітті. Тоқсан сайын әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларына үстеме белгiлеу және сыйақы беру бағалау нәтижелері бойынша жүргізілуде, - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан.

Оның айтуынша, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарда бағалауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің 2017 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша нәтижелері «үздік» – 23,5%, «тиімді» – 72,0%, «қанағаттанарлық» – 4,5% болып бағаланған.

Еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу жобасы қазіргі уақытта әзірленуде дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшылығы.  Ал жобаны 2018 жылы Әділет министрлігінде, Алматы облысы әкімшілігінде, Агенттікте сынақтан өткізу жоспарлануда. 

Айта кетейік, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттары бойынша 190 іс-шара өткізілген екен.

«Адал бол!» немесе «ЖОО-дан ЖОО-ға» атты жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафетаны жоғары оқу орындарына беру бойынша  «Нархоз» университеті бастамашылық танытып, 2017 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Жастар – жемқорлықтан тыс университеттерді қолдайды!» атты қала деңгейінде студент жастардың форумы өткізілді.

Бес институционалды реформаны сондай-ақ, қазақстандық бірегейлік пен біліктілікті іске асыру жөніндегі шараларды ақпараттық демеу бойынша «Болашаққа 100 қадам» атты медиа-жоспар бекітілген. Соның нәтижесінде, Елбасымыздың сарабдал саясаты мен Ұлт жоспарын насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары түрлі материалдар жариялап келеді. Сондай-ақ, реформаның жақсы таралуына, халыққа түсіндіру жұмыстарының сәтті орындалуына ықпал ету үшін интернет ресурстар мен әлеуметтік желілер де пайдаланылуда.  

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары