$ 499.51  525.83  4.62

Алматыда «AlmaFest – 2017» дәстүрлі алма фестивалі өтуде (ФОТО)

Алматыда дәстүрге айналған «AlmaFest – 2017» фестивалі биыл да 200 мыңдай адамды жинады. Жыл сайын өтетін шара барысында шаһардың дамуына ерекше үле қосқан азаматтарға «Алматы қаласының құрметті азаматы» деген атақты беру рәсімі өтеді.

Естивальдің салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Бауыржан Байбектің өзі қатысып, жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарын «Қала күні» мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ол Алматының соңғы уақытта мәдениеттің, ғылым мен білімнің, спорттың, қаржы және іскерлік орталыққа айналғанын ерекше атап өтті.

«Алматыда туған, өсіп-өнген және осында тұратын азаматтар үшін бұл тек жанға жайлы қала ғана емес, бұл – туған өлке, қашан да жүрегіңнің төрінен ерекше орын алатын қасиетті мекен. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Патриотизм туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» - деп атап өткен болатын. Ел тәуелсіздігі де шартарапқа Алматыдан жарияланды, Ата Заңымыз, мемлекеттік рәміздеріміз бен ұлттық валютамыз біздің қаламызда бекітілді. Алматы мәңгіге тәуелсіздігіміздің алтын бесігі болып қала бермек. Мегаполисте бизнес қарқынды дамып, шаһар экономикасы 100 есе артты. Мыңдаған жұмыс орны ашылды. Елбасы айтқандай, «Алматы – Орталық Азияның інжу-маржанына айналды», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Салтанатты шара шеңберінде «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағына Қазақстанның мемлекеттік саяси қайраткері, елші, экономика ғылымдарының докторы, еліміздің Волейбол федерациясының президенті Абықаев Нұртай Абықайұлы, Қазақ ССР Министерлер Кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Жәнібеков Шәңгерей Жәнібекұлы, Сталинград шайқасына қатысушы, отставкадағы полковник, ақын, табиғатты сақтау қоғамы Алматы кеңесінің төрағасы Гирш Леонид Юзефович ие болды.

«АЛМАFest-2017» — мегапоисте осымен алтыншы рет өтіп жатқан ауқымды мәдени-көңілді іс-шара. Саябақ аумағында түрлі белсенділік аймақтары: «АЛМА ART», «АЛМА BAZAR», «АЛМА ОТБАСЫ», «АЛМА MASTER», «АЛМА AUEN», «АЛМА FASHION» және «АЛМА DRIVE» жұмыс істеуде, мұнда ашық аспан астында дегустация және 100 тоннадан асатын алманы сату, спорттық, көркемдік алаңдар, шеберлік сыныптары, балалар мен отбасылар үшін ойындар ұйымдастырылған. Қолөнершілердің көрме аумағынан түрлі зергерлік бұйымдар мен аксессуарларды сатып алуға болады. Айта кетерлігі, Алматы облысының төрт ауданынан алманың 20-дан асатын сорты әкелінген және оларды базардың орта бағасынан 20%-ға төмен сатып алуға болады.

Қала күні аясында «Алматы Аренада» бүгін сағат 17:00-де Еуразиялық «ЕМА-2017» музыка сыйлығы өтеді, мұнда отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас, Кентал, Кешью, Диас Аблаев, Луина, Әдемі, Динара Сұлтан, Зируза, Әлішер Каримов, Рахат Лукум, Ринго және басқалары ән шырқайды. Фестиваль хэдлайнері Сосо Павлиашвили мен «Ninetty one» тобы.

Қала күні мерекесі «Астана» алаңында сағат 21.00-де аяқталады, мұнда мерекелік отшашу болады.

Айта кетерлігі, мегаполисте Қала күні мерекесі аясында халықаралық «Star of Asia», «Кок-Тобе Опера» фестивальдері, көпмыңдық Open Air «Gakku даусы» және басқалары өтті. Қала күніне жүргіншіге басымдық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері қайта жасалды. Бұрындары қайта жаңарған «Астана» алаңы, Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік- іскерлік орталығы,қаланың «Open Almaty» қоғамдық қабылдау орталығы және басқалары ашылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары