$ 443.85  474.3  4.8

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысында «Бір сәби – бір ағаш» жобасы басталды

Бүгін Жамбыл облысының барлық ауданы мен Тараз қаласында Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бір мезгілде «Бір сәби – бір ағаш» атты акциясы басталды.

Акцияның мақсаты – облыс аумағын жасыл желекке айналдыру, өскелең ұрпақтың бойында туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Жер Ананы аялауға шақыру, патриотизмді нығайтуға бағытталған. Акция дәстүрлі түрде үнемі жүргізіліп отырады.

Жоба барысында арнайы белгіленген орындарда дүниеге сәби әкелген ата-аналар көпжылдық ағаштар отырғызып, сол ағаштың паспорттары ата-аналарға берілді. Жыл өткен сайын бақтың шекарасы кеңейіп, тұрғындардың демалыс орнына айналады деп күтілуде.

Акция барысында Жамбыл облысында барлығы 1017 ағаш түбі отырғызылды.

Айта кетейік, Жамбыл облысында жыл басынан бері 18 363 сәби дүниеге келді. Бір ғана қазан айында 2829, ал сонғы 3 күнде 172 сәби жарық дүние есігін ашқан.

Дүниеге жаңа келген нәрестеге «Ағаш бұтақтарындай жайқалып өсіп-өнсін» деген ізгі ниет білдіру қазақтың ежелден келе жатқан ырым-жоралғысы. Оның үстіне, биыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында осы «Бір сәби – бір ағаш» идесын жүзеге асыруды қазақстандықтарға ұсынған болатын. 

«Егер біздің азаматтарымыз өздерінің ауыл маңдарында, өз үйлерінің айналасына, барлық облыстық, қала орталықтарында жыл сайын ағаш отырғызатын болса, біз жасыл ел құрамыз деген тапсырмасының іске асырылып отырғандығын көреміз», - деді Елбасы өз мақаласында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары