$ 443.85  474.3  4.8

Жамбыл облысында Елбасы бастамаларын түсіндіру үшін "Нұр отан" партиясы 1700-ден аса кездесу өткізген

Бұл туралы Тараздағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев мәлімдеді.

Спикердің сөзіне сүйенсек, «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы өз қызметін Елбасының дәстүрлі Жолдауы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы мен партияның Сайлауалды бағдарламасы, саяси Доктрина және партияның бағдарламалық құжаттары талаптарын орындауға бағыттап, халықтың түрлі мәселелерін шешуге атсалысып келеді.

Бүгінгі таңда партияның облыстық филиалына қарасты 11 партия аумақтық (1 – қалалық, 10 – аудандық) филиалдары, 337 бастауыш партия ұйымы, 1806 партиялық тобы және 70 мыңнан астам партия мүшесі бар.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуі мен Қазақстан халқына жолдауын, латын қарпіне көшу мәселесін түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша партия облыстық филиалы жанынан түрлі саланың өкілдерін қамтитын 51 адамнан тұратын спикерлер пулы жасақталған. Олар облыс аумағында орналасқан еңбек ұжымдарында, мекемелерде 1700-ден астам кездесу өткізіп, оған 195 896 адам қатысты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын әрбір елді-мекендегі тұрғынға жеткізу үшін мобильді ақпаратты топтар құрылып, 350-ден астам шарадан тұратын іс-шаралар жоспары жасалынды. Іс-шаралар жоспарына сәйкес әр түрлі сала өкілдерін қамтитын шаралар ұйымдастырылып, оған 250 000-нан астам адам қатысты.

Бағдарламалық құжаттың негізгі бағыттарын түсіндіру және ақпараттандыру әр түрлі әлеуметтік топтар арасында және жергілікті элита өкілдерін, қоғамдық пікір көшбасшыларын тарту арқылы жүзеге асырылуда.

«Нұр Отан» партиясының облыстық және аумақтық филиалдары Елбасының бағдарламалық құжаттарын халық арасында түсіндіріп, оның жүзеге асырып қана қоймай, халықтың әрбір өтінішін зерделеп, нақты шешімдерін табу жолында жұмыстар жүргізеді. Мысалы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық және аумақтық филиалдарына 2017 жылдың 9 айы аралығында 4269 өтініш түсіп, оның 1788 немесе 42 пайызы оң шешімін тапқан.

Былтырғы жылдың 9 айы қорытындыларымен салыстырғанда толық шешілген өтініштер сан 34,2 пайыздан 42 пайызға дейін артқан.

Партия филиалдарына түскен өтініштерді шешу мақсатында ай сайын қоғамдық қабылдау қызметіне мониторинг жасалып, сұрақтар топталып, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етіледі.

Өткен 9 ай аралығында түскен өтініштер арасында басым болып тұрған жұмысқа орналасу мәселелері -1134 немесе 27%, әлеуметтік мәселелер- 1100 немесе 26%, тұрғын жай-коммуналдық саласындағы мәселелер – 439 немесе 11%, денсаулық сақтау саласында – 294 немесе 7% құрап отыр.

Өтініштерде көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында, құзырлы орган басшылары, депутаттардың қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақы жүйесін жаңғырту тақырыптарында, «Кедергісіз келешек», «»Ардагерлерді ардақтайық, «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ», «Сәтті қадам» партиялық жобалары аясында арнайы 66 тақырыптық қоғамдық қабылдаулар өткізіліп, 201 өтініш қаралған.

Шалғай елдімекен тұрғындарының ыңғайына қарай, заманауи технологияларды пайдалану арқасында Skyрe байланысы арқылы 30 қабылдау өткізіліп, 48 өтініш қаралған.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобалары аясында түрлі санаттағы халықтың тобына әлеуметтік жағынан көмек көрсетіліп, түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырған.

Партия облыстық филиалының ұстанымы Елбасы, Партия Төрағасының мемлекеттік саясатын іске асыруға негізделген. Сондай-ақ, қоғамдағы партия беделін күшейту мен партия ұйымдарының белсенділігін арттыруға және қоғамдағы келісім, бірлік және тұрақтылық сынды

құндылықтарды сақтау бағыттарында да жұмыс жүргізілуде,-деп сөзін түйіндеді Мұратхан Жүнісәліұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары