$ 444.22  476.38  4.82

«Кітапханаға сый жаса» акциясы аясында Жуалы тұрғындарына 500-ге жуық кітап сыйланады

Жамбыл облысында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын халыққа түсіндіру және жүзеге асыру масқатында арнайы циклды жоба әзірленді. Оның авторы – Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл жобаның қалай жүзеге асып жатқанын Жуалы ауданының әкімі Бахтяир Көпбосынов ӨКҚ-де өткен брифингте айтып берді.

Әкім баспасөз мәжілісінде «Қоғамдық сананы жаңғырту – бәсекеге қабілеттілік өлшемі» деген тақырыпта баяндама жасап, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Баспасөз-конференциясы барысында Б.Көпбосынов ауданда бағдарлама аясында 6 жобаны жүзеге асырылуы жоспарланып жатқанын хабарлады.

Спикердің мәлімдеуінше, «Білім және тәрбие» бағдарламасы аясында «Жуалы батырлар өлкесі» тарихи сабақтар өткізу және ауданның тарихымен кеңінен таныстыру және барлық білім мекемелерінде «Бауыржан ұландары» тақырыбында әскери патриоттық үйірмелер ұйымдастыру жоспарлануда. «Рухани қазына» бағдарламасы аясында аудандық кітапхана қызметкерлері арасында «Мамандығым мақтанышым» атты конкурс, «Кітапханаға сый жаса» атты оқырмандар арасында кітап қорын толықтыруға арналған қайырымдылық акциясын, «Жуалы – жыр құшағында» тақырыбында Республикалық дәстүрлі ән орындаушылар арасында конкурс өткізіледі. «Атамекен» бағдарламасы аясында «Жуалылықтар абырой тұғырында» атты кітап шығаруды көздеп отыр.

Айта кетерлік жайт, ауданда 12 сәуірден бастап Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын аудан аумағында ілгерілету мақсатында 274 іс- шара өткізілді. Оның ішінде 156 кездесу, 48 жиын, 36 «дөңгелек үстел» отырысы, 25 семинар, 6 акция, 2 автокеруен, және т.б, ақпараттық іс-шаралар. Осы іс-шараларға 4800-ден астам адам қамтылды. Жоғарыда аталған іс шараларға аудандық үкіметтік емес ұйымдар кеңінен тартылған. Жалпы бұл бағдарламаның жүзеге асырылуында үкіметтік емес ұйымдардың ықпалы жоғары. Жуалы ауданында бүгінде 18 үкіметтік емес ұйымдар бар.

- «Кітапханаға сый жаса» атты кітап қорын толықтыруға арналған қайырымдылық акциясы аясында кітапханаларға Аягүл Миразованың «Алтын жұлдызды ұстаз» (жинақ) атты 10 дана кітабы сыйға тартылды. Кітапханаларға сыйға тартылады деп күтілетін кітап данасы 2018 жылы 100 кітап, 2019 жылға 150 кітап, 2020 жылға 200 кітап жоспарлануда» , - деп қорытындылады аудан әкімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары