$ 448.15  483.46  4.86

Таразда «Ancient Taraz - 2017» халықаралық туристік форумы өтіп жатыр

Таразда Жамбыл облысының туризм саласын дамыту мақсатында «Ancient Taraz - 2017» атты халықаралық туристік форумы өтіп жатыр. 11 қарашада басталған ауқымды шара 14 қарашаға дейін жалғаспақ. Форумды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының «Тараз – Туризм» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастыруда.

Форум қатысушыларға халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, туристік саланың дамуындағы стратегиялармен, тәжірибемен, пікірлермен алмасуға қолайлы алаң болып табылады.

Форумның жұмысына Еуропа, Қытай, Ресей, Орталық Азия елдерінің халықаралық сарапшылары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, облыс әкімдіктерінің басқармалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қазақстандық және халықаралық туристік ассоциациялар, туристік және қонақ үй нарығының өкілдері, жоғарғы оқу орындары, колледждермен БАҚ өкілдері қатысуда.

Форумның аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның Ұлы Жібек Жолы бойымен саяхат» атты халықаралық фестивалі, сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы қолдауымен «TARAZ FASHION DAY» фестивалі, Қытай және қазақстандық туроператорларға арналған ақпараттық турлар ұйымдастырылады.

Форумға қатысу үшін http://www.kaztour-association.com/kta-forum/18102017taraz-forum.htm сайты арқылыонлайн тіркелу қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары