$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда мектеп оқушылары арасында «Туған жерге – тағзым» атты байқау өтті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыруда «Қарттар айлығы» аясында, Наурызбай ауданы әкімінің аппараты Ардагерлер алқасы мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қолдауымен №174 мектеп-гимназиясында «Туған жерге – тағзым» атты байқауын ұйымдастырып өткізді.

Байқаудың басты мақсаты – тарихи құндылықтың негізінде жергілікті халықтың патриоттық сезімдерін қозғап, туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, қалыптастыру. Өз жеріне, өз ауданына деген ақ адал сезімдерін, өнегелік мұратын сақтау. Өз көшесіне, ауданына, еліне деген жанашырлық пен игілікті дамыту. Сонымен бірге Ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту, оны күнделікті өмірде, тұрмыс-тіршілікте қолданып, салтымызды сақтау болмақ.

Байқаудың беташарын салтанатты түрде Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ә.Пірәлиев құттықтау сөзімен бастады.

«Баршаңыз білетіндей, үлкенді сыйлау, оларға құрмет, сый-сыйапат көрсету – ата-бадан келе жатқан салтымыз.Өмірден көрген-түйгені мол өмірлік тәжірибелеріңіз бенақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Әрдайым жақындарыңыздың ғана емес, айналадағылардың да құрметіне, түсіністігі мен қамқорлығына бөленіп жүріңіздер. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, сәттілік пен ұзақ ғұмыр тілеймін» - деді аудан әкімінің орынбасары байқауға қатысушыларға.

«Туған жерге – тағзым» атты байқау Наурызбай ауданының «Қалқаман», «Ақжар», «Таусамалы» және «Қарағайлы» шағын аудандары арасында жүргізілді.

«Қалқаман» шағын ауданы – «Туып – өскен елің қымбат», «Ақжар» шағын ауданы – «Туған жерге туыңды тік», «Таусамалы» шағын ауданы – «Ата жұрт – алтын бесік», және «Қарағайлы» шағын ауданы – «Неткен сұлу, неткен көркем. Осы менің туған өлкем!» тақырыптарында өз ауданы, көшелері, олардың тарихы және сол аумақта тұратын зиялы қауымы мен тұрғындары туралы мақтанышпен таныстырды. Сонымен қатар көрме ұйымдастырып, көненің көзін дәріптеп көрсетті. Түрлі тарихи суреттерден альбомдар мен буклет-бүктемелер және баннерлер жасап, көрермендерге ұсына білді.

Қазылар алқасының қорытынды бағалары бойынша аталмыш байқау өз мәресіне жетіп, нәтижесінде 3 орынға «Ақжар» мен «Қалқаман»,2 орынға «Қарағайлы», ал 1 орынға «Таусамалы» шағын ауданы табан тіреді.

Еске салайық, Хлықаралық қарттар күні мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматының аудандарында «Қарттар айлығы» ұйымдастырылған болатын. Қазан айының басында басталған шаралар тізбегі айдың соңына дейін жалғасатын болады. Оның аясында зейнеткерлерге әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары