$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда мәслихат депутаты колледж студенттеріне экономикалық реформалардың мәнін түсіндірді

Қазақстанда соңғы 5 жылда көптеген реформаның жүзеге асқанын жақсы білеміз. Олардың дені экономика саласына қатысты. Халықтың әлеуетін арттырып, мемлекетті дамыған елдер қатарына қосуды көздейтін түбегейлі өзгерістер әлі де жалғасып жатыр. Солардың бастысы Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары болса, тағы бірі Президенттің «Үшінші жаңғырту: Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы.

Осынау реформаларды түсіндіру мақсатында бүгін «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының бастамасымен, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің бастауыш партия ұйымында қалалық Мәслихат депутаты Кенжехан Матыжанов колледждің оқытушылық құрамымен және оқушыларымен кездесті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров іс-шараның маңыздылығына тоқтала келе, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен экономикалық және саяси жаңғырулардың жүзеге аса бастағандығына, экономикамыздың күн сайын қарыштап дамып, саяси реформалардың нақты жүзеге асуы үшін азаматтарымыздың,әсіресе жастардыңрухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптаса отырып, санамызды уақыт талабына сай өзгертудің қажеттілігін тілге тиек етті. 

Бұдан әрі Кенжехан Матыжанов көпшіліктің назарын Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Үшінші жаңғырту: Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының қазіргі жаһандық сын-қатермен күрес жоспары емес, ол Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін және оның 2050 жылға әлемнің дамыған 30 елдің қатарына кіруді қамтамасыз етуге бағытталғанең маңызды да сүбелі жоспар екендігіне аудартты. Жолдаудағы бес бағытқа тоқтала келе, бес бағыт Қазақстанның болашақтағы дамуының басты бес нысанасы екендігіне,бес басымдықтың озық 30 елдің қатарына қарай ілгерілеуге лайықталған бірден бір негіз болып табылатындығына тоқталды. Осы орайда, бәсекеге қабілеттіліктіңбүгінгі жаһандық дамудың ең басты қаруы болып саналатындығын жастарға түсінікті тілмен баяндады. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесін де қамтып өтті. 

Кездесу жастардың қоғамдық көзқарастары мен дүниетанымдарының дұрыс қалыптасуына, саналарындағы таптаурын түсініктерді өзгертулеріне, олардың рухын дүр сілкіндіртуге, ұлт руханиятына арқа сүйемеген жаңарулар мен жаңғырулардың халықты кемел келешекке емес, адасуға бастауы мүмкін екендігін ұғындыруға, шынайы патриоттық сезімді ұялатуға зорықпалын тигізді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы өзінің «Үшінші жаңғырту: Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» атты Қазақстан халқына жолдауын биыл 31 қаңтарда БАҚ арқылы жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары