$ 498.55  524.28  4.75

Астанада «Казавтодор - Kaztraffic 2017» халықаралық көрмесі өтіп жатыр

Астанада дәстүрге айналған «Казавтодор - Kaztraffic 2017» халықаралық көрмесі биыл да өз келушілеріне есігін айқара ашты. Әлемнің ондаған елінен жол құрылысы мен жол құрылысына қажетті техникаларды өндіретін компаниялар қатысатын осынау жоба Орталық Азиядағы ең ірі көрмелердің бірі болып есептеледі. Биыл да дамыған мемлекеттер Астанаға өздерінің ең озық технологиялары бойынша жасалған өнімдерін әкеліп, «Көрме» орталығындағы көрмеде көпшілік назарына ұсынды.

Айта кетейік, осынау жоба сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру және дамыту үшін де аса маңызды.

Көрмені Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев ашты.

«Бұл көрмеде жыл сайын Қазақстан, Ресей, Белорусия, Еуропа мен Азия елдері, АҚШ, Германия, Франция және басқа да елдердің алдыңғы қатарлы фирмалары, кәсіпорындары мен ұйымдарының жол құрылысы жобалары және істелінген жұмыстардың нәтижелері, ғылыми әзірлемелер, техникалар мен технологиялар, заманауи тиімділігі жоғары материалдар көрсетілетінін атап өтті. Көрмені Ұйымдастыру комитеті кездесулер мен келіссөздер өткізу, өнімдерді таныстыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, конференциялар және семинарлар өткізеді. «Казавтодор» көрмелік іс-шарасын өткізудің практикадағы нәтижесі – бұл біздің жолдарға осы көрмелерде таныстырылу арқылы келген өнімдердің көпшілігін Қазақстанның жол шаруашылығында тиімді қолдану, Қазақстан Республикасында жаңа заманауи өндірістер құру екендігіне ерекше көңіл бөле кеткен жөн»,-деді өз сөзінде М.Пішембаев.

«Казавтодор - Kaztraffic 2017» жол құрылысынан бастап оны қолданысқа енгізуге дейінгі салалық шешімдердің толық жинағын көрсетеді.

Сонымен қатар, көрме аясында «Цемент-бетон жамылғысы бар автомобиль жолдары құрылысы және эксплуатациясы: мәселелер мен шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Қазіргі уақытта «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанда цемент-бетон жамылғысы бар автожол дәліздерінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл цемент-бетонды жамылғылардың сақталуына ұқыпты қарау және күтіп-ұстау мәселелерін шешу және қарастыру қажеттілігіне байланысты. Конференция  осы мәселелерді және олардың шешілу жолдарын талқылауға мүмкіндік береді. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Белорусия, АҚШ, Франция, Англия және Корея елдерінің алдыңғы қатарлы мамандары қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары