$ 446.49  475.38  4.79

«Нұрлы жол» аясында мыңдаған батысқазақстандық биыл пәтерлі болады

Қазақстан тұрғындарының басты проблемаларының бірі – баспана мәселесі. Елде халық санының өсімі мен ауыл жастарының жаппай қалаға көшу үдерісі тұрғынүйге деген тапшылықты одан сайын ұлғайтты.

Үкімет бүгінде аталған проблеманы шешу үшін бірнеше бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Бұған дейін елде «Қолжетімді баспана-2020» сынды бірнеше жоба жүзеге асқан болатын. Ал, қазір олардың бәрі «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер» бағдарламаларына бірікті.

Иә, 2014 жылы іске қосылған «Нұрлы жол» бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Ауқымды жоба аясында арзан әрі сапалы үйлер салып, халықтың мұқтаж бөлігін баспанамен қамту мәселесі де қарастырылған еді. Бүгінде «Нұрлы жол» аясында өңірлердің бәрінде көпқабатты үйлер тұрғызылып, үй кезегінде тұрғандардың біразы жылдар бойы күткен пәтерлерінің кілттерін алып жатыр.

Дәл осындай қуанышқа биыл батысқазақстандық мыңдаған тұрғын кенелетін болады. Облыста жыл соңына дейін 3,8 мың баспана салынып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің БҚО-ға жасаған сапары барысында белгілі болды. Министр өңірде «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламалары бойынша  құрылыс саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңеске қатысқан болатын.

Жеңіс Қасымбек өз сөзінде Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында  2030-жылға дейін бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткішін 30 шаршы метрге дейін жеткізу міндетін қойғанын атап өтті.

Айта кету керек, облыс бойынша өткен жылы 3828 пәтер (392,2 мың шаршы метр) салынған болатын. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 38,6%-ға артық. Ал, биыл 415,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. Ол шамамен 3,8 мың баспана. Яғни, осыншама отбасы көптен күткен пәтер кілтін алады деген сөз.

Анықтама үшін айта кету керек, биыл 1 маусымда – 201,3 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1912 баспана тапсырылды. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,7%-ды құрайды. 902 отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты

Биыл мемлекеттік инвестициялар бойынша 4,8 млрд. теңге көлемінде 34,7 мың.ш.м.(595 пәтер) жалдамалы және кредиттік тұрғын үйлердіңқұрылысы қаржыландырылады.

Сондай-ақ, министр Мемлекет басшысының бастамасы бойынша ипотеканың әрі қарай дамыту және төлем қабылеті бар халықтық сұранысын қолдау мақсатында Ұлттық банк «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламаның қабылдағанын айтты.

«7-20-25» бағдарламасын есепке алынып, «Нұрлы жер»  бағдарламасының тетіктері қайта қаралды.

Жаңа құрылыстың көлемін арттыру мақсатында 2019 жылдан бастап құрылыс алаңдарына инженерлік желілерімен қамтамасыз ету қаржысы ұлғайтылады.

Бұл тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемін 8%-ға немесе жылына 8 мыңнан астам баспанаға арттыруға мүмкіндік береді.

Қосымша халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үйлердің құрылысын қаржыландыру көлемі ұлғаяды. Бұл шамамен 1 мың азаматты баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзгерістер аясында құрылыс салушыларды бағдарламаға белсенді қатыстыру үшін әкімдіктерге салынған үйлерді сатып алу құқығы беріледі.

Бұл норма әкімдіктерге жаңа үйлерді салу мерзімдерін қысқартуға және мұқтаж адамдарға баспана беруді желедетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұл кәсіпкерлердің бастамаларына маңызды көмек болады. Нысандар Бағдарламаның талаптарына сәйкес келген жағдайда сатып алынатын болады (алаңы 65-80 ш.м., бағалық бағыты 1 ш. метріне 140-180 мың теңге).

«Қабылданған шаралар тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық бағдарламалардың тетіктерін жақсартады. Бұл бастамалар тұрғын үй құрылысы индустриясының дамуына үлкен түрткі болып, экономиканың әрі қарай өсуіне айтарлықтай мультипликативті әсерін тигізеді», - деді Жеңіс Қасымбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары