Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасында білім беру саласының инфрақұрылымын дамытуды үкіметке ерекше тапсырған болатын. Бұл дегеніңіз – өңірлерде мектептер салу, ескі мектептерді жөндеуден өткізіп, үш ауысымдық оқу орындарының санын түбегейлі жою. Сондай-ақ, осы мектептердің бәрін заманауи техникалық базамен және оқу құралдарымен жабдықтау.
Қарағанды облысында салынып жатқан 4 мектеп осы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бой көтеруде. Олардың төртеуі де биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Нысандардың екеуі Қарағанды қаласында орналасса, қалған екеуі Теміртау мен Сарышағанда.
Ал, құрылыс сапасы қандай? Аталған мектептер ертең ауа райына қатысты сыр беріп жүрмей ме? Осыған байланысты құрылыс нысандарын «Нұр Отан »партиясы мүшелерінен құрылған комиссия іске кірісті
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында 4 мектеп салынуда. Қазір Қарағанды қаласында екі білім ошағының құрылысы жүріп жатыр. Мұндай білім ордалары Теміртау қаласы мен Сарышаған кентінде де бой көтермек. Осыған байланысты құрылыс жұмыстарын қадағалайтын арнайы «Нұр Отан» партиясы мүшелерінен құрылған комиссия іске кірісті
Арнайы құрылған комиссия мүшелері 9 адамнан тұрады. Олар «Нұр отан» партиясының мүшелері. Негізгі діттегендері «Ұлттық қордан» бөлінген қаржынының мақсатты жұмсалуына баса назар аудару және құрылыс нысанын сапалы әрі уақтылы салынып пайдалануға берілуін қадағалау. Сонымен қатар, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақтың «әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға» өз үлестерін қосу болып табылады.
Арнайы топ алдымен Қарағанды қаласындағы «Панель» орталығында салынып жатқан жаңа мектеп құрылысының жұмыстары мен жан-жақты танысып қайтты. 3 қабатты білім ордасы негізінен 1200 оқушыға арналады. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүруде. Мердігер компания биыл күзде нысанды тапсырамыз деп жоспарлауда.
«Құрылыс жұмыстары уақтылы жүруде. Екінші рет келіп отырмыз. Ешқандай уақыттан қалып жатқан жоқ. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүруде. Біз құрылысты үнемі бақылауда ұстаймыз», - дейді «Нұр отан» партиясы Қазыбек би аудандық филиалының бақылау комиссиясының мүшесі Эрик МЕҢСЕЙІТОВ.
Ал, мынау Оңтүстік шығыстағы 30-ықшамаудандағы білім нысанының құрылысы. Бұл білім ордасы да 1200 оқушыға арналған. Іргетасы жаңа қаланып жатқан ғимарат толығымен 2019 жылы аяқталады. Бұл қос мектептің құрылыс жұмысарына ұлттық қордан 2 милиард теңгеден астам қаржыдан бөлінген.
«Құрылысқа 2 миллиардтан астам қаржы бөлінді. Адам күші жеткілікті. Кесте бойынша жұмыс істудеміз. Матераиалдардың сапасы жақсы. Зертханада сапасы тексерілген. Әзірге 18 адам жұмысқа жұмылдрылды. Қаржыда қолбайлау жоқ. Қолданылып жатқан материалдар жергілікті өнім», - дейді «Atlant Building KZ» ЖШС директорының орынбасары Иван Пыткин.
Комиссия мүшелері қос білім нысанының құрылысы уақытылы әрі сапалы жүргізіліп жатқанының куәсі болды. Құрылысқа қолданылып жатқан материалдар да сапалы әрі отандық өнім.