Нұрлы жол 14.07.2018 сағат 04:58  1729

Цифрландыру сот жүйесінде: Маңғыстау мысалында

Еліміздің жарқын болашағы үшін барлық саланы цифрландыру аса маңызды. Оның ішінде сот жүйесін оңтайландыру көптеген келеңсіздіктерді жойып, әділеттілік пен заңның үстем болуына ықпал етеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазіргі таңда сот жүйесін жаңғырту үшін электрондық технологиялардың көмегі қолданылып жатыр. Нәтижесінде, қағазбастылықтан арылып, қылмыс және заң бұзушылықтардың анықталу деңгейі жоғарылады. Ең бастысы – қағазбастылықтың жойылуы өз кезегінде ашықтыққа, жариялылыққа әкеледі.

Қазақстандағы сот жүйесін цифрландыру процесіне келер болсақ, соңғы жылдары сот реформаларының нәтижесінде бұл салаға ақпараттық технологиялар енгізіле бастады. Яғни, сот залдары қазіргі заманға сай сапалы аудио-бейнежазба жүргізуге арналған техникалармен жабдықталып, барлық іс-қағаздар мен құжат айналымдары электрондық форматқа ауысты. Сонымен қатар, бірқатар электрондық сервистердің жұмыс істейді. Атап айтсақ, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті», дыбыс бейне жазба құрылғысы, бейне-конференц-байланс жүйесі, «Электронды қылмыстық іс» жобасы, электрондық цифрлық қолтаңба, «Виртуалды сот» жобасы, «құқықтық қызмет орталығы» мен «тергеу соты» жобасы жұмыс істейді.

Осындай жобаларды сәтті жүзеге асырып жатқан соттардың бірі Маңғыстау облыстық соты. Жалпы Маңғыстау облысында 15 облыстық, 8 аудандық, 5 мамандандырылған және 1 әскери сот бар.

Өңірдегі облыстық сот бірыңғай электрондық жүйеге көшті ме? Оның артықшылығы неде?

Жоғарғы соттың интернет ресурсында «Сот кабинеті» жұмыс істейді. Оның мобильді бағдарламасы да іске қосылған. Ол арқылы арызданушылар өздерінің өтініш-шағымдарын көре алады. Яғни, дистанционды үйде отырып-ақ, арыз жазуға, істерді қарауға мүмкіндік береді. Облыстық соттың рейми сайтында барлық ақпараттар мен мәліметтер көрсетілген. Бұған қоса, электронды қызметтерді қолдану нұсқаулықтары жазылған. Сот отырыстары толықтай дыбыс-бейне жазба құрылғыларын қолданумен, қажет болған жағдайда бейнебайланыс жүргізу арқылы (скайп) арқылы қаралады.

Облыста 11 мыңнан астам электронды шағымдар тіркелген. Сонымен қатар, сот процесі дыбыс бейнежазбасы арқылы жазылады. Оның басты ерекшелігі

– тәртіпке шақырады. Яғни, сот ісі қалай жазылса, сол күйінде сақталады. Оған ешқандай өзгеріс жасауға мүмкіндік болмайды.

Сондай-ақ, сот қызметкерлерін оқыту мақсатында мынадай Led экрандар орналастырылған. Осыған сәйкес, судьялар қашықтықтан оқытылады.

Цифрландыру аясында қандай жобалар іске қосылды? Нәтижесі қандай?

Маңғыстау облыстық соты сот жүйесінде цифрландыру мен инновациялық технологияларды қолдануды дәріптеу аясында бірқатар іс-шаралар өткізуде. Соны бірі – «Виртуалды сот» жобасы. Ол негізі мақсаты – құқықты сауаттылықты арттыру, уақыт пен қаражатты үнемдеу. Аталған жоба Түпқараған ауданында іске қосылып, бүгінде ауданға қарасты шалғайдағы ауылдық елді мекендер сот істері мен шағымдарды виртуалды қарау мүмкіндігіне ие болды. (Сайын, Ақшұқыр, Таушық ауылдары)

Бүгінде Түпқараған аудандық соты осы жаңа жоба аясында некені бұзу, берешекті өндіру, көші-қон заңнамасын бұзу және отбасылық жанжалдарға қатысты 10-нан аса істер мен материалдарды қарап үлгерді. Сондай-ақ, сот процесіне қашықтықтан қатысу мүмкіндігіне ие болған аудан тұрғындары жаңадан енгізілген электронды қызметке көңілдері толуда.

Осындай игілікті жобалардың тағы бірі – «Түнгі сот» пилоттық жобасы. Бұл жобасының мақсаты – жәбірленушілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, уақытты үнемдеу, материалдық шығынды азайту, істі тезірек шешу. Мұның барлығы электрондық форматта, яғни аудио-бейнежазбалар арқылы қаралады. Осылайша, цифрлық технологиялар әкімшілік істерді анықтауға жәрдесіп жатыр. Яғни, түнгі уақытта орын алатын жол-көлік апаттары туралы мәліметтербірден базаға түсіріліп, сол мезетте іс қаралады. Бұл өз кезегінде уақытты қысқартуға өз үлесін қосып жатыр. Қазіргі таңда аталған жобаның аясында 6 әкімшілік іс қаралып, өз шешімін тапқан.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Ақтау қаласының мамандандырылған соты 2017 жылы 6754 әкімшілік істің 6608-ін бейнежазба жүйесін пайдалану арқылы қарапты. Бұдан көретініміз, жыл санап электрондық қызметті пайданушылар саны айтарлықтай өсіп келеді. Сәйкесінше, бұның тиімділігі мен пайдасы да орасан зор екендігі белгілі.

Электрондық жүйелер қандай нәтижеге жеткізді?

Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, 2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша «Сот кабинеті» жобасы арқылы 11103 талап арыздар тіркелсе, «дыбыс-бейнежазба» құрылғысы арқылы нәтижесі бойынша аудандық соттармен 26357 іс қаралған. Ал, бейне-конференц-байланыс арқылы 643 материал қаралыпты.

Цифрландыру сот жүйесіне қандай тиімділіктер ұсынады?

«Цифрландыру экономикалық тұрғыдан тиімді. Бұрын бірнеше тонналап қағаз көтеріп жүретін сот қызметкерлері үшін электрондық жүйе айтарлықтай тиімді. Түрлі жағдайлар бойынша сот ісіне келе алмай қалатын адамдар үшін электрондық жүйе аса маңызды. Яғни, қиын жағдайдағы адамдарға көп жеңілдік болып отыр. Сондай-ақ, ауылдық елді мекеннен келушілер үшін көп көмегі бар. Осы ретте, олар өз ризашылықтарын білдіруде», - деді Маңғыстау облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гауһар Нұрханова.

«Бір жағынан үнемділік, екіншіден, кез келген жерде ашып қарап, қажетті ақпаратын алуына болады.Бұған қоса, барлық мәліметін шығаруға мүмкіндік бар», - деді Маңғыстау облыстық сотының Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Ахмет Қалпақбаев.

Цифрлық технологиялардың сот ісін жеңілдетуде алар орны қандай?

«Аудио-видео жазбалар арқылы жеңілдіктер көп. Атап айтатын болсақ, мұндай құрылғылардың дыбыс жазу қондырғылары болғандықтан хаттамаларды өз жазады. Яғни, аудио фиксация сот ісі кезінде іске қосылып, судьялар сөйлеген кезде микрофон арқылы автоматты түрде жазылып отырады. Осы жағынан айтарлықтай көмек көрсетуде», – деді А. Қалпақбаев.

«Бұрын сот қызметкерлері сенбі, жексенбі күндері қағаз толтыру үшін жұмысқа шығатын. Ал, қазір ондай жоқ. Неге десеңіз бәрін аппарат жазады. Осылайша, уақытты үнемдеуге едәуір жәрдем жасауда. Күн өткен сайын түрлі мәселелер туындап, азаматтық істер көбеюде. Осы ретте жаңа технологиялар жұмысымызды уақтылы реттеуге мүмкін болды» – деді Г. Нұрханова.

Ал, Маңғыстау облыстық соттар әкімшісінің басшысының орынбасары Аманбек Калпаковтың айтуынша, цифрлық технологиялар ашықтыққа әкеледі. Сот ісіне кететін уақыт қысқарып, шығын көлемі азаяды.

«Тиімді әсерін көрудеміз. Ісіміз жеңілдеп, тұрғындардың арыз-шағым беруі оңайлады. Уақытты үнемдейді, шығынды азайтады. Болашақта электрондық іс жүргізуге дайындалудамыз. 2019 жылдан бастап азаматтық іс жүргізу толықтай электрондық жүйеге өтпек», - деді А.Қалпақов.

Осылайша, сот жүйесін цифрландыру көптеген жаңашылдықтар мен оң өзгерістерге бастайды. Ондағы көптеген келеңсіздіктер мен мәселелердің шешілуі ашықтық пен жариялылыққа әкеледі. Сыбайлас жемқорлық фактілері азайып, сот қызметкерлерінің қызмет көрсету сапасы бұдан да жақсарады. Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың көмегімен заң бұзушылықтар мен қылмыс бұзушылықтарды анықтау деңгейі жоғарылап, әділетті үкімге тартылады. Бұған қоса, сот саласындағы мақсаттар мен талаптарға жетуде цифрландыру өз пайдасын тигізбек.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар