$ 449.58  486.94  4.86

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында отандық тауар өндірушілердің каталогы әзірленді

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті тарапынан жүргізілетін тексерулердің саны жыл сайын азайып келеді. 

Мәселен, 2013 жылы департамент тарапынан 184 тексерулер жүргізілсе, 2014 жылы 95 тексерулер орын алған. Ал өткен жылы тексерулер саны 50 пайызға азайған. Бұл өз кезегінде көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасының жақсарғанын және техникалық регламенттердің талаптарының орындалып жатқандығын білдіреді. Бұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департамент басшысы Оразғали Егембердиев мәлім етті.

Оның айтуынша, департамент осы жылдың I жартыжылдығында жұмыс жоспарына сәйкес, барлығы 32 тексеру жүргізген. Тексерулердің қорытындысы бойынша 15 заңды және жеке тұлғалар 1 млн. 177 мың теңге мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 120 дана өлшем құралдары пайдалануға жарамсыз деп, қолдануға тыйым салынды. Сондай-ақ, бір құрылыс сынақ зертханасының аккредиттеу аттестатының күші 6 айға тоқтатылса, бір ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы «СТ-КZ» сертификатының күші мүлдем жойылды.

Жоғарғы органдармен келісілген және бекітілген іріктелген тексеру тізімдері тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтында жарияланады.

«Комитеттің аумақтық Департаменттері Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» заңының негізімен барлық шығарылатын отандық өнімдерге ақпаратты қамтамасыз ету мақсатында тіркеу жүргізілуде. Бүгінгі күнде облыстың тауар өндірушілері 363 каталог парақтарына енгізілуде. Барлық отандық өнімдердің тізімі біздің Комитеттің сайтында орналасқан»,- деп айтты спикер.

Баспасөз мәслихатында баяндамашы 2016 жылдың 6 ақпанында күшіне енген «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жайында атап өтті. Онда осы жылдың ІІ жартыжылдығынан бастап ҚР аумағында бұйымның сынамалау таңбасыз (пробирное клеймо) және ие белгісіз (оттиск именника) зергерлік бұйымдарды сатуға тиым салынғаны туралы айтылған. Заңда көрсетілген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізетін уәкілетті орган - Техникалық реттеу және метрология комитеті және оның аумақтық департаменттері болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары