$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО-да «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты тіл айлығы өтуде

Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Қазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңында «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты облыстық тіл айлығы өтуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған шара аясында «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Сөз – жанның тілі, ән-жүректің мұңы, тіл – рухтың үні», «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте», «Мемлекеттік тіл – барлық халықты біріктіретін тіл» сынды бірқатар тақырыптарда аудан, қалаларда 5 байқау, 8-ден астам акциялар, жоғары оқу орындары мен барлық мемлекеттік мекемелерде 20-дан астам дөңгелек үстелдер мен бір форум, 10-нан астам пікір алмасу жиындары мен дебаттар, әдеби сазды кештер және барлық аудан, қалаларда кітап көрмесі, суреттер мен  фотоколлаж,  т.б. шаралар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, облыстық тіл айлығы 22 қыркүйек күні «Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шарасымен қорытындыланады. Шарада тіл жанашырлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімінің, «Нұр Отан» партиясының және облыс мәслихатының арнайы алғыс хаттарымен марапатталатын болады.

Сонымен қатар, ауқымды жоспарда  «Мемлекеттік тіл – мерейім» атты мемлекеттік тілді білу арқылы жетістікке жеткен өзге ұлт өкілдерімен кездесулер өткізу, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен  «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай, «Менің бір ғана Отаным бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан» атты мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар арасында ант беру рәсімін ұйымдастыру жоспарланған.

Ендігі кезекте баршаңызды, Мәңгілік елдің – мәңгілік тілін асқақтатуға шақырамыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары