$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте азық-түлік белдеуі құрылады

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шымкентте жаңа азық-түлік белдеуі құрылатын болады. Бұл жөнінде өңір басшысы ҚР Президентінің тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу бойынша өткен кеңейтілген мәжілісте айтты.

Сонымен қатар, жиында Шымкент қаласының әкіміне қаланың даму жоспарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Шымкент қаласын агломерациялық орталық ретінде дамыту мақсатында және қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін облыстың аудандары мен Шымкент қаласының арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірістерін құруға байланысты меморандумға қол қойылады.

«Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін аграрлық секторда шағын және орта бизнес белдеуін құруды тапсырамын. Сонымен қатар, жасыл белдеу құру мақсатында бақтар мен орман аймағындағы жерлерге толық тексеру жүргізу қажет деп білемін», - деді облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов.

Сондай-ақ, Елбасының тапсырмаларына орай, өңірдің және аудан, қалалардың аймақтық даму картасы жасалады.

Айта кетейік, биыл Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары рекордтық деңгейдегі өнімділік көрсеткішін көрсетуде. Мәселен, диқандар 214,4 мың га жерге масақты дәнді дақылдар егіп, оның әр гектарынан 22 центнерден (2015 ж – 17,8 ц/га), барлығы 470 мың тонна өнім жинаған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 123 мың тоннаға артық.                    

Айта кетейік, биыл шаруалар жалпы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.  

Сонымен қатар, облыста бүгінгі күнге дейін 866 мың тонна көкөніс, 991 мың тонна бақша, 181 мың тонна картоп жиналды. Аграрлы аймақтың тұрғындары жалпы биыл 125 мың тонна жеміс-жидек және 73 мың тонна жүзім  жинауды көздеп отыр. Бүгінге к.нге дейін олар 47,6 мың тонна жеміс, 23,2 мың тонна жүзім жинаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары