$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО-да 14 машина-тракторлар станциясы құрылды

Ауылшаруашылық  өнімдерінің көлемін ұлғайтуды,  экспортқа шығаруды  қамтамасыз етуде  ұсақ тауар өндірушілердің мәселелерін кешенді шешу үшін,   ҚР «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы»  Заңына сәйкес, облыста кооперативтерді құру белсенді жүргізілуде.

Бүгінгі күнге облыста 8 мыңнан аса ұсақ фермерлік шаруашылықтар 81 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерге бірігіп, жұмыс атқаруда. Олар даму бағыттары бойынша 19 бірлік мақта шаруашылығы,  30 бірлік астық, 4 бірлік сүт өндірісі, 13 бірлік ірі және ұсақ мал шаруашылығы, 3 түйе шаруашылығы, 3 жүгері өсіру, 4 жылыжай, 5 тағы басқа шаруашылықтардан құралып отыр. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай олардың қатарын арттыру да жоспарланған.

Сонымен қатар, биылғы жылы облыста 14  машина-тракторлық  станциясы  құрылған. (МТС)

МТС-тер құрамында 108 доңғалақты тракторлар, 7 шынжыр табанды тракторлар, 28 астық оратын,9 жем-шөп оратын, 4 жүгері оратын комбайндар мен 186 басқа техникалар бар.   

Айта кетейік, биыл Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары аса мол өнім жинауымен ерекшеленіп отыр. Мәселен, диқандар 214,4 мың га жерге масақты дәнді дақылдар егіп, оның әр гектарынан 22 центнерден (2015 ж – 17,8 ц/га), барлығы 470 мың тонна өнім жинаған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 123 мың тоннаға артық.                    

Биыл шаруалар жалпы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.  

Сонымен қатар, облыста бүгінгі күнге дейін 866 мың тонна көкөніс, 991 мың тонна бақша, 181 мың тонна картоп жиналды. Аграрлы аймақтың тұрғындары жалпы биыл 125 мың тонна жеміс-жидек және 73 мың тонна жүзім  жинауды көздеп отыр. Бүгінге к.нге дейін олар 47,6 мың тонна жеміс, 23,2 мың тонна жүзім жинаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары