$ 448.89  477.93  4.76

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында түркістандықтар қоныс тойын тойламақ

Жыл сайын елімізде халықтың әл ауқатын арттыру мақсатында баспана алу мәселесі жүйелі жолға қойылып келеді. Осы ретте, Елбасы Үкіметке «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын нақтылауды тапсырған болатын. Аталған бағдарлама аясында Түркістан қаласындағы жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Отырар» шағын ауданында 5 қабатты 2 тұрғын үй құрылысы бітуге таяды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жаңа пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек.

Осы кезекте Қазақстан иппотекалық компаниясы арқылы 9 қабатты 2 үйдің құрылысы жүргізіліп жатқандығы белгілі. Жақын күнде мұнда да заман талабына сай баспаналар тұрғындар игілігіне берілетін болады. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар үшін қуаншты хабар – жаңа шағын ауданның маңынан тағы да 8 үйдің құрылысы басталмақ. Бұл үйлерді келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Естеріңізге салайық, биыл сәуір айында Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев киелі шаһарда 100 көақабатты үйдің салынатынын мәлімдеген болатын. Бұл үшін «Отырар» шағын ауданынан 100 гектар жер қарастырылған.

Айта кетейік, Түркістан шаһарында қазіргі таңда 3600-ден астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

Сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша өткен жылы 30,1 млн. теңге қаралып, көпқабатты 4 тұрғын үй модернизациялаудан өтті. Нәтижесінде, қаладағы жаңғыртудан өткен баспаналардың саны 22-ге жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары