$ 444.22  476.38  4.82

Отырарда «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы жоспардан артық орындалуда

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында республикамызда бірқатар оңды істер атқарылып келеді. Бұл бағытта бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, мемлекеттік бағдарлама өз үдесінен шығып отыр. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл басынан бері бұл бағдарламаға қатысуға аудан бойынша 1524 азамат өтініш білдірген екен. Қазіргі таңда жоспарланған меже 106,9 пайызға орындалды. Оның ішінде бағдарламаның I бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 7 нысанда 130 жұмыс орны ашылып, 67 жергілікті азамат жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта қосымша осы бағыт бойынша 95 жұмыс орны ашылып, 50 азаматты жұмыспен қамту көзделуде.

II бағыт «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» арқылы есепті мерзімде 85 адамға 214,2 млн. теңге шағын несие беріліп, онда 99 жұмыс орны ашылды. 15 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Бағдарламаның III бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» аясында бос және жаңа жұмыс орындарына 881 адам тартылып, жылдық жоспар 79,3 пайызға орындалды.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындары 38 мекемеде ашылып, оған 121 адам жолданды. Ал 89 жас маман жастар практикасына тартылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту да өз дәрежесінде орындалуда. Есепті мерзімде 84 адам жұмыспен қамтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары