$ 441.66  475.14  4.86

ОҚО-да жеті индустриалды аймақ табысты жұмыс істеуде

Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Елбасының жүктеген функциялары мен міндеттерінің орындалуы бойынша және Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жеткен жетістіктер туралы облыстық мәслихат депутаттарының алдында берген есебінде айтты.

Жұмысы жолға қойылған Шымкент пен Кентау, Түркістан мен Созақ, Түлкібас, Мақтарал және Казығұрттағы индустриалды аймақтар болса, мұнан бөлек, тағы 4 осындай аймақта бүгінде инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жиында Б.Атамқұлов бүгінге дейін облыстағы индустриалдық аймақтарда 52 жоба іске асырылып, 4025 жұмыс орны құрылғанын айтып, «Индустриалды-инновациалық даму» бағдарламасы аясында жыл басынан 2 жоба іске қосылып, 74 жұмыс орны ашылғанын жеткізді. Айта кеткен жөн, өсім бойынша облысымыз республикада алдыңғы қатарда келеді.

Тарқатып айтсақ, бағдарлама аясында бюджетке түскен салықтардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 804 млн. теңгеге артып, 5,4 млрд. теңгені құраса, 6 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 384 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 5,3 пайызға артқан.

Осы ретте айта кету керек, облыс аумағындағы индустриалды аймақтардан ашылған кәсіпорындар дайын өнімнің түр-түрін шығарып жатыр. Айтап айтсақ, қарапайым түймеден бастап мұнда құрылысқа қажетті материалдардың бірнеше түрі шығарылады. Сонымен қатар, ерлер костюм-шалбарын, заманауи үлгідегі аяқ-киімдер тігетін екі фабрика да осы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында жұмыс істеп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары