$ 444.22  476.38  4.82

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандар қатаң бақылауда

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандарда атқарылған жұмыс көлемдері мен бағытталған қаражаттарды уақытылы әрі тиімді игеру жөнінде аудан, қала әкімдіктерінің және тиісті облыстық басқарма басшыларының қатысуымен селекторлық мәжіліс өткізді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жиында Шымкент қаласы, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам аудандарындағы нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей, жоспарланған қаржы игерілмегіндігі айтылды.

Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқарма басшыларына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылыс жұмыстары бекітілген кестеден қалыс қалған мердігер мекемелерге, заң талаптарына және түзілген келісім-шартқа сәйкес тиісті шаралар қабылдауды және жүргізіліп жатқан құрылыстардың сапасына, жобаға және бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес орындалуын тұрақты бақылауға алуды тапсырды.

Айта кетейік 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы арқылы 36 нысан – 1 жатақхана, 11 инфрақұрылым, 23 мектеп пен 1 балабақшаның құрылысы жоспарланған болатын. Осы аталған нысандардың бірқатары биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілуі тиіс. Айтулы мерейто қарсаңында мектеп, балабақша, мәдениет үйлері секілді тағы біраз нысан да есігін келушілеріне айқара ашады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары