$ 443.85  474.3  4.8

Мақсат – қоғамдық келісімді қамтамасыз ету

Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» деп аталатын төртінші бағытының өңірде орындалуы туралы өткен баспасөз мәслихатында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыс әкімі аппараты ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов айтты.

Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты тұғырынан түсірмеу бағытында атқарылып жатқан кешенді шараларға кеңінен тоқталған хатшылық меңгерушісі ел бірлігін бекемдеу, этносаралық татулықты нығайту және «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін дәріптеу мақсатында 189 іс-шара ұйымдастырылып, оған 215 мыңнан астам тұрғынның қамтылғанын жеткізді.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясына жүктеген жаңа функционалдық бағыттар аясында оңтүстікте тындырымды тірліктердің жүріп жатқанын хабарлап, аймақта ұйымдастырылған қайырымдылық шараларының арқасында 27 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілгенін жеткізді.

Облыстағы этномәдени бірлестіктердің ұйытқы болуымен тұрмысы төмен және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 260 балаға 2,6 миллион  теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілгенін айтты. Сондай-ақ, облыстағы Қоғамдық келісім кеңестері мен Аналар кеңестерінің татулықты сақтау және ұрпақ тәрбиесі бағытында атқарған ауқымды жұмыстарын баяндады.

Айта кетейік, биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысындағы ҚХА өкілдері бірқатар мәдени және әлеуметтік іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ұлттық-мәдени концерттерді айтпағанда, диаспора өкілдері ардагерлерге көмектесіп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары