$ 441.66  475.14  4.86

ОҚО-да полиэтилен бұйымдарын қайта өңдейтін зауыт ашылады

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы «Бадам» индустриалды аймағында полиэтилен бұйымдарын қайта өңдейтін жаңа зауыттың іргетасы қаланды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Инвестиция құны 20 млн. АҚШ долларын құрайтын зауыт жылына 50 мың тонна өнім өндіреді деп күтілуде.

Ірі өндіріс орнының қазығын қағу салтанатты шарасына шетелдік бірқатар ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

Еске салайық, бұл жоба осы жылдың 28-29 сәуірінде өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асып отыр.

Аталған жобаны әлемге танымал  шетелдік HONGKONG TIANRUN CO.,LTD ірі өндіріс компаниясы облыс әкімдігімен және Green Technology Industries компаниясымен бірлесе отырып салмақ. Бүгінде бұл компания  70 мемлекетте өндіріс орындарын ашып үлгерген.

Өңірдің әлеуметтік-экономикасының дамуына серпіліс беретін зауыт іске қосылған кезде 250 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, бұл жобадан бөлек Оңтүстік Қазақстан облысында қоқысты қайта өңдейтін зауыт, тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өндіретін ірі кәсіпорын және тамшылатып суару жүйесін өндіретін зауыт да салынуы тиіс. Аталған жобалардың іргетасы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қаланады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары