$ 448.15  483.46  4.86

Мерейтойға толағай табыстарымыз бар

«Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы партияның «Қазақстан–2021: Бiрлiк. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды тұғырнамасын, Елбасының бес институционалдық реформасын iске асыруға бағытталған «100 нақты қадамнан» тұратын Ұлт жоспарын, Президентiмiздiң «Қазақстан жаңа жаїандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму» Жолдауын және партияның бағдарламалық, жарғылық мақсаттары мен мiндеттерiн басшылыққа ала отырып нақты жұмыстар атқарып келедi.

Филиал жұмысының басым бағыттарының бiрi – аудандық мәслихаттағы партиялық фракцияның жұмысын үйлестiру екенi белгiлi. Бұл жұмыстар 2016 жылға арналып бекiтiлген iс-шаралар жоспары аясында жүргiзiлуде. Аудандық мәслихат депутаттары бастауыш партия ұйымдарына тәлiмгер ретiнде бекiтiлiп, бiрлесе жұмыс iстеуде. Депутаттардың сайлауалды бағдарламаларының орындалуы және олардың атқарған жұмыстарының есебi қараша, желтоқсан айларында барлық бастауыш партия ұйымдарында сарапталады. Аудандық мәслихаттағы партия фракциясының 4 мәжiлiсi өткiзiлдi. Саяси кеңес бюросында аудандық мәслихаттағы 2 фракция мүшесi атқарылған жұмыстары жайлы есеп бердi. Фракция жанынан тиiстi бағыттардағы комиссия құрылып, атқарған жұмыстардың қорытындысы бойынша ай сайын партияның облыстық филиалына мәлiмет берiлiп келедi.
Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары жүрiп жатқан нысандардың сапалылығын, жұмыстың кестеге сай жүргiзiлуiн, қаражаттың тиiмдi жұмсалуын қадағалауды «Нұр Отанға» жүктегенi мәлiм. Осы мақсатта әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту бағыты (комиссия төрағасы Б.Жұманов) және индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнестi, iскерлiк белсендiлiктi қолдау бағытында (комиссия төрағасы Қ.Сарсекбаев) комиссия құрамы қайта жасақталып, фракция мәжiлiсiнде комиссия құрамы және жұмыс жоспары бекiтiлген. Нәтижесiнде Мақтаарал ауылдық округi Есентаев ауылындағы 300 орынды мектеп құрылысы сапалы жүргiзiлiп, шiлде айында тапсырылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы бұл құрылыс нысанына кестеге сәйкес рейдтер жүйелi түрде жүргiзiлiп, комиссиясының 3 рет отырысы өткiзiлдi.
Ал, бүгiнде аталған бағдарлама шеңберiнде Мақтаарал ауылдық округi Азаттық елдi мекенiндегi логистикалық орталықтың инженерлiк коммуникациясының құрылысын бақылауға алдық.
«Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесiнiң есiгi тұрғындар үшiн әрдайым айқара ашық. Қоғамдық қабылдау бөлiмi партия мен халық арасына дәнекер болып, көптеген әлеуметтiк мәселелердiң оңтайлы шешiлуiне ұйытқы болып отыр. Жыл басынан берi қоғамдық қабылдау бөлмелерi 376 арыз, өтiнiштердi қабылдады. Оның 327-i (86,3 пайызы) оңтайлы шешiмiн тапты.
Аудандық партия филиалы 2010 жылдан берi жыл сайын «Ең үздiк қоғамдық қабылдау бөлмесi» атты республикалық байқаудың жеңiмпазы болып келедi. Бiз осыған дейiн мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы орган өкiлдерi, барлық деңгейдегi мәслихат депутаттарының қатысуымен аудандағы қала, кент және ауылдық округтерде жүйелi кестеге сәйкес көшпелi қоғамдық қабылдауларды ұйымдастырудамыз. Жыл басынан берi 38 көшпелi қоғамдық қабылдау өткiзiлдi. Көшпелi қоғамдық қабылдау партия үшiн де, халық үшiн де өте маңызды.
Арыз-өтiнiштерде көтерiлген мәселелердiң басым бөлiгi бiлiм, денсаулық, тұрғын үй, жұмыспен қамту, әлеуметтiк жағдайларға қатысты.
Аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесiнде Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары, «Нұр Отан» партиясы парламенттiк фракция мүшелерi М.Ерман және Қ.Ержан тұрғындарды қабылдап, олардың өтiнiштерiне, ұсыныстарына толыққанды жауап бердi.
«Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесi алдағы уақытта да аудан тұрғындарының көкейiнде жүрген өзектi мәселелерiнiң оң шешiлуiне ықпал етедi. Сондай-ақ, аудандық партия филиалы әлеуметтiк мәселелердi оңтайлы шешу мақсатында «Әлеуметтiк қолдау – әлеуеттi қолдау» акциясын дәстүрлi түрде өткiзудi жолға қойған.
Партиялық жобаларды жүзеге асыруға фракция, Саяси кеңес мүшелерiнiң, депутаттардың, бастауыш партия ұйымдары төрағаларының белсендi түрде қатысуына баса назар аударып келемiз. Соның нәтижесiнде «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеушi ел» партиялық жобасы аясында «Өзiңнен баста» акциясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi 2015–2025 жылдарға арналған стратегияны iске асыруға үлес қосу басым мiндеттерiмiздiң бiрi болып қала бермек.
Ауданда басқа да партиялық жобалар ойдағыдай орындалуда. Айталық, «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы аясында Мырзакент, Асықата, Жетiсай, Атакент өңiрлерiнде несие алу шарттары мен механизмдерiн түсiндiру бойынша көшпелi қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесiнде де осы жоба аясында қабылдаулар тұрақты түрде өткiзiлiп тұрады.
«Бақытты балалық шақ» жобасы аясында ауданымыздағы барлық кент, ауыл округiнде балаларға арналған мәдени iс-шаралар өткiзiлiп, аз қамтамасыз етiлген отбасы балаларына әлеуметтiк көмек көрсетiледi. «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында жуырда ғана «Отбасын қолдау апталығы» акциясы болып, түрлi кездесулер, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылды.
«Ұлы Дала елi» жобасы аясында аудан көлемiнде 1 қала, 3 кент, 20 ауылдық округiнде қазақ күресiнен турнир өткiзiлдi. Сонымен қатар, ауданда ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай «Халық әнi – ұлтымның жаны» атты халық әндерi байқауы, «Нұрын шашқан – Қазақстан» атты сазгерлер байқауы, жас ақындар арасында жыр мүшайрасы және «Күй құдiретi» атты күйшiлер байқауы өткiзiлдi.
Ұлы Жеңiс мерекесi қарсаңында арнайы жоспарға сәйкес «Ардагерлердi ардақтайық» жобасы аясында аудандағы барлық ҰОС ардагерлерiнiң үйлерiне барып құттықтап, сый-сияпаттар жасалды. Арнайы мерекелiк бағдарламалар ұйымдастырылып, аудандық бюджеттен 20 ҰОС ардагерiнiң әрбiрiне 212 мың теңгеден сыйлық тапсырылды. Сонымен қатар, 34 бастауыш партия ұйымында барлық ҰОС және тыл ардагерлерiне мерекелiк дастархандар жайылып, бағалы сыйлықтар табыс етiлдi. Аудандық партия филиалы тарапынан барлық ҰОС ардагерлерi мен тыл ардагерлерiнiң әлеуметтiк карталары жасалынды. Сондай-ақ, аймақта «Кедергiсiз келешек», «Айқын тариф», «Жастар – Отанға» партиялық жобалары да ойдағыдай iске асырылып келедi.
Мiне, осылайша Мырзашөл өңiрiнiң тұрғындары, «Нұр Отан» партиясының барлық мүшелерi Тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдық мерейтойына толағай табыстармен жетiп отыр.
Әбдiманап БАЙДУЛЛАЕВ, «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары