Нұрлы жол 23.09.2016 сағат 07:59

Астана депутаттары қала көшелері мен жолдарының жағдайын талқылады

Бүгін Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясына елорда әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов қатысты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Депутаттар күн тәртібіне шығарылған 13 мәселені қарады. Отырыс барысында талқыланған басты мәселе – автомобиль жолдарын дамыту және күтіп ұстау болды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың айтуынша, бүгінде төменде аталған учаскелерде көлік құралдары кептеліп қалады: Тұран даңғылы мен Қорғалжын тасжолының қиылысы; Тұран даңғылының Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі бөлігі; Сығанақ к-сі; Орынбор к-сі (Қонаев к-сінен Керей мен Жәнібек хандар к-сіне дейін), Сарыарқа даңғылы (Тұлпар көпірінен Кенесары к-сіне дейін және Бөгенбай батыр даңғылымен қиылысы),Уәлиханов к-сі мен Абай даңғылының қиылысы.

– Әлеуметтік шиеленісті жою, әлеуметтік нысандарды инженерлік желілермен және бару жолдарымен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар көшелерді салу жұмыстары қолға алынды, соның ішінде С. Сейфуллин к-сі менН. Тілендиев даңғылы аумағында жалпы ұзындығы 5,3 км 4 көше, Р. Қошкарбаев к-сі аумағында жалпы ұзындығы 9,1 км 7 көше пайда болады. Сығанақ көшесінің аумағында Е11, Е13 көшелер салынып жатыр. Сондай-ақ, биыл «Зеленый квартал»  ТК инженерлік желілер тарту және көшелер салу жұмыстары басталды»,- деді Қ. Айтмұхаметов.

Оның айтуынша, қаланың көлік желісіне түсетін жүктемені азайту үшін Кіші айналма жолдың құрылысын жалғастыру керек. Оның жалпы ұзындығы 35,0 км құрайды, 2008 жылдан бері 22,8 км, 14 жолайырықтың 9-ы, көпірлер мен жол өтпелері салынған.

- Кіші айналма жолмен тәулігіне 90 мыңнан астам көлік жүреді, жоба іске қосылған кезде кем дегенде 20 мың көлік қала орталығын айналып өтетін болады, - деді ол.

Сонымен қатар, кіші айналма жол аясында Бейсекова көшесінің Сығанақкөшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі бөлігін және Хусейн бен Талал көшесін Сығанақ көшесінен Тұран даңғылына дейінгі бөлігін, Сарайшық көшесін Тұран даңғылынан  Бейсекова көшесіне дейінгі бөлігін салу керек.

Сондай-ақ, қаланың көлік көп жүретін көшелерінде жүктемені азайту үшін бірқатар шаралар қарастырылған.

2017 жылы Асан қайғы көшесін Дүкенұлы көшесінен Ташенов көшесіне дейін салу үшін жер учаскелерін босату жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл Уәлиханов көшесін босатады және Республика даңғылына түсетін жүктемені азайтады.

Қазіргі кезде Кенесары, Сейфуллин көшелері мен Абай даңғылын босату үшін Сейфуллин көшесін Уәлиханов көшесінен Пушкин көшесіне дейін ұзарту жоспарланып отыр, сондай-ақ, Кенесары көшесі Сарыарқа даңғылынан Бейсекова көшесіне дейін салынбақ.

Мұнымен қоса, Момышұлы, Абылай хан, Ш. Құдайбердіұлы даңғылдарында жүктемені азайту үшін қысқа мерзімнің ішінде Тәуелсіздік даңғылын №46 көшеден Хусейн бен Талал көшесіне дейін салу жоспарланған. Хусейн бен Талал көшесінің №39 көшеден Абылай хан даңғылына дейінгі ұзындығы 10 км құрайтын бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізіледі, соның ішінде 2 көпір салынады.

Қаланың шет аумақтарын дамытуға да баса назар аударылады.2011-2016 жж. 101 км жол мен 275,25 км инженерлік желі салынды. Күйгенжар, Қазақауыл, Пригородный, Казгородок, Қараөткел, Заречный және Промышленный тұрғын алаптарында құрылыс жұмыстары аяқталды.  

Биыл 6 км жол салынып, 32 км инженерлік желі (Комсомольский - 2, 3, 4- кезек, Көктал-2, Оңтүстік-шығыс (оң жағы), Тілендиев даңғылының оңтүстігінде) тартылады, сондай-ақ Интернациональный, Мичурино тұрғын алаптарына инженерлік желілер тарту учаскесі дайындалады.

Үстіміздегі жылы 43 көшеде, яғни 34,8 км жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін тағы 18 көше жөнделеді - 9,5 км. Сонымен қатар, 275 көшеде ағымдық жөндеу жұмыстары, соның ішінде 68 көшеде жөндеу маршруттық әдіспен жүргізілсе, 207 көшеде ой-шұңқырлар жойылды.

Қала әкімінің орынбасары мәслихат депутаттарының нөсер кәрізі жүйелерін дамыту туралы сұрақтарына жауап бере отырып, №31 көше мен Тұран даңғылының ауданында тазарту құрылысы бойынша жұмыстардың аяқталғанын жеткізді. Жыл соңына дейін №27 көше мен Тұран даңғылының қиылысындағы тазарту құрылыстары бойынша жұмыстар аяқталады, бұл ЭКСПО аумағына және Орынбор көшелеріне түсетін жүктемені азайтады.

Отырыс барысында депутаттар жер учаскелерін сатып алу туралы келісімдерді мақұлдады, қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі эксперттік кеңес құрамын бекітті, Астана қаласының жергілікті өзін-өзі басқару аумақтық кеңесі туралы ереже мен кеңес құрамын бекітті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар