$ 443.44  480.51  4.88

Астанада Ғылым, технологиялар және инновациялар жөніндегі Азия парламентаралық форумы өтіп жатыр

Бүгін Астанада Ғылым, технологиялар және инновациялар жөніндегі Азия парламентаралық форумы өз жұмысын бастады. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі, Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымы (ИСЕСКО) және Ислам даму банкі (ИДБ) бірлесіп ұйымдастырған шараға әлемнің 25 елінің парламентшілері, ғалымдар, сарапшылар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше-мемлекеттердің білім және ғылыми әлеуетін дамыту саласында әріптестікті нығайтуға бағытталған бұл айтулы жиынды Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин ашты. Өзінің кіріс­пе сөзінде Н.Нығматулин форум­ның басты мақсаты мен маңызына кеңінен тоқталды.

Бүгін Астанаға келіп, өте маңызды шараға қатысып отыр­ған­дарыңыз үшін барлығыңызға Пар­ламент Мәжілісі депутаттары атынан алғы­сымызды білдіреміз. Сондай-ақ, осынау шараны ұйымдастыруға атса­лысқан Білім, ғылым және мәде­ниет мәселелері бойынша Ислам ұйы­мы мен Ислам даму банкіне де өз ри­зашылығымызды жеткізгіміз келеді. Астанада алғаш рет өткізіліп отырған форумның Қазақстан Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы қарсаңында  ұйым­дастырылуы біз үшін өте маңыз­ды. Осы уақыттың ішінде еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың көреген саясатының ар­қасынд­а еліміз экономикасы қуатты, бірлігі мықты, болашағы айқын абыройлы мемлекетке айналды, деді Н.Нығматулин.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның әрқашан әлемдік интеграция идеясын қолдап, көптеген ха­лықаралық ұйымның белсенді жә­не беделді мүшесі атанғанын атап көрсетті. Оның нақты дәлелі – мемлекетіміздің Бірік­кен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануы. Осының барлығы әлем елдерінің Қазақстанға деген сенімінің жоғары еке­нін анық көрсетеді. Біздің Пре­зи­дентіміз тәуелсіздік алған сәттен бастап Азиямен, соның ішінде ислам мемлекеттерімен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөліп келеді. Осы әріптестікті одан әрі нығайтуда бүгінгі Азия парламентаралық форумы да ерекше рөл атқаратыны сөзсіз, деді Парламент Мәжілісінің Төрағасы.

Сонымен бірге, Н.Нығматулин ислам елдерінің арасындағы өзара байланыстарды жандандырудың өзек­тілігін, бұл бағытта Қазақ­стан тарапынан қолға алынып келе жатқан ауқымды шаралар­ды атап өтті. Бүгінде ислам қо­ғам­дастығы елдерімен бірге аймақ­тағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті ны­ғайтуда, білім, ғылым және ислам мәдениетін дамытуда жет­кен жетістіктеріміз де аз емес. Соның ішінде дінаралық, ұлтаралық тату­лық­тың қазақстандық моделі бүкіл әлемге үлгі болып отыр. Қазіргі таң­да Қазақстанда Елбасының 5 инс­титуттық реформасын жүзеге асыру бағытындағы «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспары жү­зе­ге асырылуда. Бұл Ұлт жос­парында көр­сетілгендей, еліміздегі ин­но­ва­циялық саясат қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, эко­но­микалық дамудың негізі болып табылады. Аталған жолда біздің еліміз индустриялық-ин­новациялық дамудың алғашқы 5 жылдығын табысты орында­ды. Қазіргі уақытта бұл бағдар­ла­­маның 2-кезеңі тиімді жүр­гізі­луде. Ал оның барлығын заң жа­ғынан қамтамасыз етуге Қа­зақ­стан Парламентінің қосып отыр­­ған үлесі зор. Мысалы, «Инно­вацияларды ынталандыру жұмыстары, индустриялық-ин­новациялық қызметті мемле­кеттік қолдау туралы» Заң, оған ілеспе 15 заң және басқа да көптеген заң­ға тәуелді актілер бекітілген бола­тын. Сонымен бірге, ғылым сала­сындағы маңызды реформалар­ды іске асыру жолында да біздің депутаттар «Ғылым туралы» және «Ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң­дарды қабылдады, деді ол.

Сондай-ақ, спикер жоғарыда аталып өткен жетістіктердің бар­­лығы отандық экономиканы жа­ңа биіктерге көтеретініне ке­піл болатынын жеткізді. Елі­міз­дегі Назарбаев Университет ха­лық­аралық оқу орны мен Ин­но­вациялық-технологиялық паркінде за­манға сай инновациялық клас­терді қалыптастыру бойынша кең ауқымды жұмыстар атқа­ры­луда. Сонымен бірге, «Бола­шақ» халықаралық президенттік стипендиясы да осы салада сапалы мамандарды дайындауға ықпал етеді. Осының барлығы бүгінгі күні экономика, мәдениет, білім және ғылым сияқты көптеген са­лаларда үлкен нәтижелерге қол жеткізуге зор мүмкіндік беріп келеді. Сондықтан біздің елі­міз жаңа технологиялармен инно­вациялық ғылымды дамыту жолында әрқашанда әлем елдері­мен бірігіп жұмыс істеуге дайын. Осы орайда Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың 2017 жылы Ис­лам ынтымақтастығы ұйымы­ның саммитін Астанада өткізу жө­ніндегі ұсынысы өте маңызды деп есептейміз, деді Н.Нығматулин.

Одан әрі Н.Нығматулин келер жылы Астанада өткелі отыр­ған ЭКСПО-2017 көрмесінің маңы­зына тоқталды. Ислам елдері ара­сын­дағы өзара байланыстарды да­мытудың өзектілігіне назар аударды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясында әлемнің экономикалық дамуы үшін Азия елдерінің ықпалы зор екенін ерекше атап өткен болатын. Себебі, бүкіл әлем сарапшылары ХХІ ғасырды Азия ғасыры деп атайды. Сондықтан, Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты ны­ғайтып, оны одан әрі дамыту жолында біздің парламентшілерге жүктеліп отырған міндет ау­қым­ды. Сол үшін біз алдағы уақыт­та да өзара тәжірибе алмасып, ұсы­ныс-пікірлерімізді ортаға салып, іскер­лік байланысты нығай­ту қа­жет деп білеміз, деді Н.Нығ­ма­тулин.

Бұдан кейін форумның модераторы ретінде Парламент Мә­жілісі Төрағасының орынбаса­ры Гүлмира Исімбаева қаты­су­шыларды ИСЕСКО-ның бас ди­ректоры Аудулазиз Осман ат-Туэйджридің бейнеүндеуін тың­дауға шақырды.

Бейнекөрсетілім арқылы сөз сөйлеген Аудулазиз Осман ат-Туэйджри осынау алқалы жиынды ұйымдастырған тараптарға алғысын жеткізе келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ислам әлемі үшін оңтайлы бастамаларын атап өтті. Сондай-ақ, ол ИСЕСКО мен Қазақстанды байланыстыратын ынтымақтастықты мақтан тұтатынын жеткізе келіп, форум жұмысына табыс тіледі.

Өз кезегінде Қазақстан Рес­пуб­ликасы Сыртқы істер министрі Ер­лан Ыдырысов форумда кө­теріліп отырған ғылым, технология және инновация тақырыбы өзінің өзек­тілігімен ерекшеленетінін жеткі­зіп, ислам әлемінен бүкіл адам­затқа ортақ ғұламалар өсіп шық­қанына тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі таңда ислам әлемі заманауи сын-қатерлердің ошағында қалып отырғандығына да назар аударды.

Бұл орайда себептер аз емес. Бұл негізінен тиімсіз мемлекеттік бас­қаруға, саяси жүйенің жетілді­рілмеуіне, адами даму индекстері көрсеткіштерінің төмендігіне, ин­вестиция жетіспеушілігіне, ха­лық­ты әлеуметтік қорғау саласы­ның дамымағандығына, білім мен медицинаға қолжетімділіктің тө­мен­дігіне және басқа да жайт­тар­ға байланысты, деді министр. Бұ­лардан бөлек, ол ИЫҰ мүше­лерін азық-түлік қауіпсіздігін қам­та­­ма­сыз ету мәселелері бойын­ша Ис­лам ұйымын қолдауға ша­қырды.

Айта кетейік, аталған ұйымға сауда қатынастарын жанданды­ру­дан басқа, мүше елдердің ғы­лы­ми-техникалық әлеуетін ны­ғай­ту және дамыту, сонымен қатар, тәжірибе алмасу және азық-түліктің қауіпсіздігі кіреді. Азық-түлік ынтымақтастығының мәсе­лесі бойынша Ислам ұйымы Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың бастамасымен құрылған. Ол 2011 жылы ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы барысында айтылған.

Ислам ынтымақтастығы ұйы­мы Ғылыми-техникалық ынты­мақ­тастық жөніндегі тұрақты коми­теттің бас үйлестірушісі Шаукат Хамид Хан өз кезегінде бүгінгі маңызды басқосудың тиімділігін сөз етті.

Бұдан кейін сөз алған Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ғылым, технологиялар және инновациялар мәселелері жөніндегі Азия парламентаралық форумына қатысушылардың жұмыстарына аталған ведомство атынан сәттілік тіледі.

Әрине, ғылыми инновациялық саясатты әзірлеу мен жүзеге асыруда қаржы институттары маң­ыз­ды орын алады. Бұл ретте, Ис­лам даму банкін айрықша атап өту­ге болады. Бүгінде Ислам даму банкі Қазақстанның ислам қаржысымен банкинг индус­триясын дамыту ісінде ең негізгі стратегиялық әріптесі болып отыр. Осы орайда, Ислам даму бан­кі (ИДБ) Әлеуетті дамыту депар­таменті басқармасының басшысы Аминуддин Мат Арифке де сөз беріліп, ол өзінің  пікірімен бө­лісті. Ол ауқымды жиынды ұйым­дастыруға ұйытқы болған Қазақ­стан үкіметіне алғысын білдірді.

Бұдан кейін аталған форум «Ғылым, технологиялар және инновациялар саласындағы саясат» тақырыбындағы I сессиямен жалғасты. Сессияға модераторлық еткен Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров заманауи әлемде адам қызметінің стратегиялық маңызы бар саласының экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін негізгі әлеует ретінде барлық елдің ғылымға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Еліміздің Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау өз кезегінде Қазақстанның инновациялық-технологиялық саясаты төңірегінде әңгіме өрбіте келіп, Қазақстан 2010 жылдан бері белсенді түрде жаңа индустрияландыру бағытына бет бұрғанын атап көрсетті.

Малайзияның Ғылым, технологиялар және инновациялар министрінің орынбасары Абу Бакар Мохаммад Диах мемлекеттің ғылым, технологиялар және инновациялар саласындағы саясатты іске асырудағы рөліне тоқталды. Ол үкімет ғылым мен технологияның, инновацияның дамуында үлкен рөл атқарады.  Бұл ретте әрдайым мониторинг жүргізіп отырған жөн.  Ол үшін, әрине, мемлекеттік саясаттың дұрыс жолға қойылғаны керек, – десе, еліміздің Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев өз сөзінде ғылымның әр мемлекетте әрқилы дамитынын, бiрақ ғылым жалпы өмiрге тiкелей қатысты дүние болғаннан кейiн жаһандану заманында оған бірлесе, ықпалдаса отырып, назар аудару қажеттігін атап өтті.

Бұдан кейінгі кезекте Әзер­байжан Парламентінің Ғылым жә­не білім мәселелері жөніндегі тұрақ­ты комитеті төрағасының орын­басары Бахтияр Алиев «Жа­һандану дәуірінде білім мен ғылым саласын дамыту үшін заңнамалық базаны қалыптастыру» тақырыбы бойынша баяндама жасаса, Қа­зақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Клас­тер­­лік бюросы директорының мін­детін атқарушы Андрей Шевелев ЮНЕСКО-ның ғылымды, технологиялар мен инновациялар­ды ілгерілетудегі рөліне тоқтал­ды. Сессия барысында шетелден кел­­ген сарапшылар өздерінің мем­ле­кет­теріне қатысты тәжірибе­лері­мен де бөлісті. Мәселен, Мали Рес­пуб­ликасы Парламентінің депутаты Исса Зербо «Малидегі ғылым мен технологияларды дамытудың және инновациялаудың ұлттық стратегиясы», Мысыр Араб Рес­пуб­ликасы Парламентінің Білім және ғылыми зерттеулер коми­теті төрағасының орынбасары Аб­делрахман Мохамед Абделгавад Ахмед «Мысыр-2030» стратегиясы төңірегінде сөз қозғады.

Форумның II сессиясы «Пар­ламентшілердің ұлт­тық бағ­дар­ламалар мен басымдықтарды іс­ке асы­рудағы рөлі және ұлттық инс­ти­тут­тармен өзара іс-қимыл жа­сау жолдары» тақырыбына арналды.

II сессия барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов «Цифрлық Қазақстан», Индонезия Діни және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комитет төрағасының орынбасары Дединг Исхак «Пар­ламенттің ғылым, технологиялар және инновациялар арқылы ис­ламдық білім беру сапасын арт­тырудағы рөлі», Бангладеш Пар­ламентінің депутаты Майин Уддин Хан Бадал «Ғылым, технологиялар және инновациялар саласындағы ғажайып жетістіктер: Бангладеш тәжірибесі», Тунис Парламенті Ғылым және технологиялар комитетінің төрайымы Хайет Омри «Парламентшілердің жоғары білім беруді және ғылыми зерт­теулерді жүйелі түрде рефор­ма­лаудағы рөлі: Тунистің төңке­ріс­­тен кейінгі тәжірибесі» тақы­рып­­тарында өз ойларын ортаға салды.

Түстен кейін форумның III-IV сессиялары өтті. Тара­та айтар болсақ, III сессия «ИСЕСКО-ға мүше және мүше емес мем­ле­кет­тердегі ғылым, техноло­гиялар және инновациялар сала­сын­дағы нормативтік-құқықтық база және ынталандыру шаралары» тақы­рыбына арналды. Бұл жө­нін­де ұйымның консультанты, Үн­діс­тан өкілі Мохсин Хан сөз сөй­леді.

Ал «Өнімділік секторындағы ғылыми-техникалық өлшемдер» тақырыбына арналған IV сессия ая­сында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Әбдірайым, Гамбия Парламенті Білім мәселелері жөніндегі іріктеу комитеті төрағасының орынбасары Эбрима Соло Джаммех тағы басқалар өз пікірлерімен бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары