$ 448.15  483.46  4.86

2017 жылдан бастап Маңғыстауда «Тегін кәсіби-техникалық білім» жобасы іске қосылады

Келесі жылы Маңғыстау облысында кез-келген жергілікті тұрғынға тегін кәсіби және техникалық білім алуға мүмкіндік беріледі. 9-шы және 11-шы сыныптарды бітіріп, ешқандай мамандық алмаған оқушылар колледждердің базасында кәсіби білімді сц тегін ала алады. Бұл жайында Маңғыстау облыстық білім басқармасының өкілдері мәлімдеп отыр.

«Тегін кәсіби-техникалық білім» жобасы Маңғыстау облысында 2017 жылдан басталады. Оның қатысушылары – облыс колледждерінің студенттері жатақханамен, тәжірибе алаңында киетін арнайы киіммен және тамақпен тегін қамтылады.

- Бұл жоба әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарды қолдауға және жаңа мамандықтарды игеруге бағытталған. Арнайы мамандық алатын оқушылардың саны уақыт санап артып отырады. Қазір дайындық жұмыстары басталып кеткен. Мәселен, Қарақия кәсіби колледжі «Кеме жасау және су көліктерін техникалық жабдықтау» сынды жаңа мамандықты іске қосты. 2016-2017 оқу жылының мемлекеттік тапсырысын әзірлеу кезде жұмысшы мамандықтарды әзірлеуге тапсырыс көп берілді. Атап айтсақ, 2015 жылы олардың саны тек 270 оқушымен шектелсе, биыл бұл көрсеткішті 1320-ға дейін ұлғайттық, - дейді Маңғыстау облыстық Білім басқармасы техникалық және кәсіби білім беру бөлімінің басшысы Альмара Сүлейменова.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында жергілікті бюджет қаражатынан облыс колледждерінде 9-шы және 11-шы сыныптың 3660 оқушысы кәсіби білім алатын болады. Маңғыстау облысында білімнің мұндай түрін беретін 26 оқу орны бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары