$ 443.35  475.54  4.82

Жыл соңына дейін елімізде 920 шақырым жолдың құрылысы аяқталады - Қ.Бишімбаев

Биыл жыл соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында елімізде жалпы ұзындығы 920 шақырымды құрайтын жол бөлігінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.

«Астана мен өзге өңірлердің арасын жалғайтын жолдарды салу және қалыпқа келтіру мақсатында 2015-2020 жылдар аралығында барлығы 6,7 мың шақырым жол қайта жөндеуден өтеді. Мәселен, 2015-2016 жылдары «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жол құрылысына 329,3 млрд теңге бөлінді. 2015 жылға бөлінген қаражат толық игерілген. Нәтижесінде 456 шақырым автожол қайта жөндеуден өтті. Биыл жол құрылысы 1 мың шақырым автотрассада жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 920 шақырым жолдағы құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі.», - деді Қ.Бишімбаев.

Сонымен қатар, тасымал әлеуетін 2020 жылға дейін 25-тен 88 миллионға дейін арттыру мақсатында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015-2016 жылдарға 95,2 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражатқа Бөржақты-Ерсай-Алматы-Шу темір жол желісін, Құрық портында паромдық өткел және Астана әуежайын салу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары