$ 448.15  483.46  4.86

Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойын шалғайдағы ағайындар да сезінуде

Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Өнерім саған – ауылым» 25 гастрольдік сапары мен «Кітапханалық керуен – 25 ауылға» жобасының басталғаны белгілі. Аталған жобалар аясында облыстық 8 кәсіби театр, филармония, «Оңтүстік-Цирк», «Оңтүстікфильм» мекемелері мен облыстық кітапханалар өңірдің түкпір-түкпірін аралауда. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінге дейін «Өнерім саған - ауылым» гастрольдік сапарымен облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының өнер майталмандары Түлкібас ауданының Машат ауылына, облыстық қуыршақ театры Сайрам ауданының Ынтымақ ауылына, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры Сарыағаш ауданының Тегісшіл, Таскескен, Жартытөбе, Төңкеріс, Қапланбек ауылдарына, Түркістан қаласының сазды-драма театры Кентау қаласына гастрольдік сапарларын ұйымдастырып үлгерсе, «Кітапханалық керуен – 25 ауылға» автокеруені Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылындағы кездесумен жалғады.

Осылайша, әр мәдениет және өнер мекемесі облыстың барлық аудандарындағы 25 ауылға тоқтап, әр аялдамада спектакльдер мен концерттік, цирктік бағдарламалар, кездесу кештерін өткізуде. Ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасын табатын жобалар Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында қорытындыланады.

«Өнерім саған – ауылым» ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына - 25 гастрольдік сапар және «Кітапханалық керуен – 25 ауылға» жобасы аясында Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры, Облыстық орыс драма театры, Облыстық қуыршақ театры, Облыстық әзіл-сықақ және сатира театры, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры, Түркістан қаласының сазды-драма театры, Облыстық опера және балет театры және «Оңтүстік-Цирк» ОҚО тұрғындарына өз өнерлерін көрсететін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары