$ 447.4  477.55  4.76

Түлкібаста құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болып, елдімекендерді аралады.

Алдымен, жұмысшы топ Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылындағы ауысымына 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты. Амбулатория құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Ақ Нұр-строй» ЖШС-нің өкілімен кездесіп, құрылысты сапалы аяқтауды міндеттеді. 

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков Састөбе поселкесіндегі аппаты деп танылған аурухана мен күрделі жөндеуді қажет ететін мәдениет үйінде болып, алдағы жылдары қаржы бөліп, аталған нысандарға құрылыс жұмыстарын жүргізуге құжаттарын дайындауды тапсырды. 

Сондай-ақ, ол «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Азаттық ауылындағы мәдениет үйі мен алдағы күні ел игілігіне берілетін Т.Рысқұлов ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысымен танысты.

Іс-сапардың жалғасы аудан әкімдігінде жалғасып, облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековтің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданда атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды талқылау мақсатында жиын өткізілді.

Естеріңізге салайық, биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ОҚО-да «25 жылға – 25 мектеп» атты акция өткен болатын. Осы бастаманың аясында жаңа оқу жылында өңірде жаңа 25 мектеп пайдалануға беріліп, апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі шешілді. Осы 25 мектептің бірнешеуі Түлкібас ауданында ашылғанын да айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары