$ 445.66  474.58  4.78

ОҚО-да тәжік этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті

Сарыағаш ауданында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында тәжік этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті.

Іс-шарада Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов барша қатысушыларды құттықтап, қоғамдық келісім мен тұрақтылық – біздің басты ұстанымымыз болуы тиіс екендігін айтып өтті.

Өз кезегінде облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Акабай Құдайқұлов  Қазақстанда әрбір этностың өз тілі мен мәдениетін сақтауына және дамытуына барлық жағдай жасалғанына ризашылығын білдірді. 

Салтанатты  жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетерлігі, бүгінде Оңтүстік Қазақстанда 35 мыңнан астам тәжік этносының өкілдері тұрады.  Облыста 1995 жылы ашылған тәжік этномәдени бірлестігі ел бірлігін бекемдеу, қоғамдық келісімді сақтау бағытында өңірде атқарылған барлық кешенді іс-шаралардың жанынан табылып келеді

Бүгінде ОҚО бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамның барлық саласында белсенді жұмыс жүргізуде. Мәселен, жуырда ғана ҚХА-ның өкілдігі Оңтүстік Қазақстан облысының бірнеше мемлекеттік органымен бірлесе қоғамның құқықтық дамуына атсалысу үшін өзара меморандумға отырды. Аталған құжаттың аясында, медиацияны қолдану арқылы дауларды шешу кезінде өзара әрекеттесу бойынша бірлескен жүйелі жұмыстар атқарылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары