$ 443.37  474.49  4.83

Қазақстанда рекордты көлемде астық жиналды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі кезекті отырысында биылғы астық өнімінің қорытындысы талқыланды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғановтың мәліметі бойынша, астық қабылдау кәсіпорнына 4.6 млн тонна астық жеткізілген. Оның ішінде 3,8 млн тоннасы – бидай. 14,5%-ға дейінгі дымқыл бидайдың үлесі жалпы көлемде 57,4%-ы құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,2%-ға артық.

Астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін өңірлер дер кезінде арзандатылған дизель отынының қажетті мөлшерімен жабдықталды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден астық кептіру үшін қосымша 74 мың тонна дизель отынын бөлу туралы өтінім түсті. Үкімет бұл мәселені дер кезінде шешті.

Сонымен қатар, күнделікті электронды астық қолхаттар айналысына мониторинг жүргізіледі. Оның саны бүгінде 2,8 млн тонна жалпы көлемінің 17 мыңнан астамына жетті. Электронды астық қолхаттарының саны негізінен астықты аймақтарда шығарылды: Ақмола – 7,8 мың, Қостанай – 4,8 мың, СҚО – 3,7 мың.

Жемшөп дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 23,6 млн тонна ірі азық және 1,2 млн тонна балауса жемшөп дайындалды, сәйкесінше өткен жылғы деңгейден 17% және 69% артық», – деді вице-министр.

Егін жинау аясында 2017 жылғы егін үшін 2 млн тоннаға жуық немесе қажеттіліктің 98% ұрығы себілді. ОҚО, ШҚО, СҚО, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында ұрық себу жоспары орындалды.

Мәлімдемесінің соңында биылғы жыл, яғни Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ауыл шаруашылығы үшін айтарлықтай табысты аяқталғаны аталып өтті. Рекордты өнім жиналды. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында және агробизнес үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мемлекет саясатының нәтижесінде орын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары