$ 448.56  478.03  4.79

Шымкентте дәстүрлі палау фестивалі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Жанубий Қозоғистон» газетіне 25 жыл толуына орай, облыстық басылымның құрметті мерейтойында Шымкентте «Достық дастарханы» атты дәстүрлі палау фестивалі өтті. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Редакция ұжымы мен облыстық өзбек этномәдени бірлестігі ұйымдастырған шараға өңіріміздің білікті аспаздары қатысып, палаудың 30 шақты түрін дайындап, щеберліктерін көрсетті.

Мерекелік шараға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов редакция ұжымын газеттің мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Айта кетеу керек, Қазақстан халқы ассамблеясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Шаңырақ» шығармашылық байқауына қатысқан «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті жазып-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін арнайы жүлдемен марапатталды.

Достық пен татулықты насихат ететiн мұндай байқаулардың берерi мол екендiгiне тоқталған Оңтүстiк Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлi Қалмұратов «Жанубий Қозоғистон» газетiнiң ұжымын айтулы мерекесiмен құттықтады.

– Елiмiз өз тәуелсiздiгiн алған сәттен-ақ тату көршiсi Өзбекстанмен арадағы байланысты нығайта түсуде. Соның бiр дәлелi өңiрiмiзде өзбек тiлiнде облыстық басылым жарық көрiп келедi. Туысқан екi елдiң арасындағы алтын көпiр болып отырған газеттiң елiмiздiң гүлденуiне үлес қоса беруiне тiлектеспiн, – дедi ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары