$ 443.85  474.3  4.8

Ұлттық онкология орталығында 220 бүйрек трансплантациясы жасалды

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен елімізде денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Кешенді бағдарламалар қабылданды, қомақты қаржы бағытталды. Соның нәтижесінде ірі қалаларымызда, облыс пен аудан орталықтарында жаңа ауруханалар мен емханалар салынды, заманауи емдеу орталықтары дамыған шетелдерден алынған медицина саласындағы озық технологиялармен, озық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Халыққа жаңа заман талабына сай қызмет көрсететін осындай орталықтың бірі – Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы.

Ел Үкіметінің 2009 жылғы 24 қазандағы қаулысына сәйкес Ұлттық медициналық холдингтің құрамында «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғы­лыми орталығы» акционерлік қоғамы құрылды. Ал 2014 жылы 7 ақпанда Ұлттық медициналық холдингтің директорлар кеңесінің шешімі негізінде бұл Орталықтың «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» («ҰОТҒО») АҚ болып атауы өз­гертілді. Орталықты құрудың мақсаты – жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, медицина ғылымы, білім беру мен практика саласын­дағы заманауи технологияларды енгізу және тарату.

Сонымен қатар Қазақстан Респуб­­ликасының Санитарлық авиация желісі бойынша өңір­лер­ден келген пациенттерге, оның ішінде гестациялық кезе­ңі 32 аптаға дейінгі жүкті әйел­дерге және экстрагениталды асқынулары бар аналарға бо­санғаннан кейін де жоғары меди­циналық көмек көрсетуде ерекше рөл атқарады. Сондай-ақ Ор­талықтың қатысуымен болатын басқа да әлеуметтік-маңызды жо­балар іске асырылады. Атап айтар болсақ, Орталықтың оңтайлы құрылымы бар, клиникалық базада персоналдың штаттық саны 1000 бірлік болса, емделушілер үшін 240 төсек орны қарастырылған.

«ҰОТҒО» АҚ – көпбейінді меди­цина саласындағы мамандан­дырылған әлемдік дәрежедегі бі­регей заманауи емдеу тәсілін ұсы­нады. Бұл жаңа әдістерді Ор­талықтың практикасына ен­гізуге жол ашады және айрықша ауыр және жоғары технологиялық меди­цина саласының бірі – ағза­лар мен тіндер трансплантация­сын дамытуға мүмкіндік берді. Біздің орталықтың іргесі қаланғаннан бері 56 мыңнан астам адам ем­деліп шықты, науқастардың жанын аман алып қалу үшін 41 мыңдай жедел әрекет ету шаралары, оның ішінде жоғары мамандандырылған көмек бойынша шамамен 11 мыңдай операция жүргізілді. Гемофилия және остеоонкология, қолқа аневризмаларын кешенді емдеу кезінде сүйек кемігінің аллагенді және гаплоидті трансплантациясы, тері трансплантациясы (ксенотрансплан­тация патенті бар) бауырға трансплантация жасау, модульдік буындардың ортопедиясы сияқты эксклюзивті технологияларды отан­дық ден­саулық сақтау прак­тика­сына енгізу­дің ерекше маңызы бар.

2010 жылы тамыз айында онкогематология және сүйек кемігі трансплантациясы бөлімшесінің ашылуы отандық гематологияның тарихындағы елеулі жаңалық болды. Қазақстан Республикасының гематологиялық қызметі денсау­лық сақтауды реформалау және да­мытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шең­берінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен 2010 жылы онко­гематологиялық патологиялар – сүйек кемігі трансплантациясын емдеудің бірегей технологиясын жүргізуге мүмкіндік алғанын айтқанымыз жөн.

Гемобластозасы бар науқас­тарға сүйек кемігі трансплантациясын жүргізуді бастағаннан кейін (2010 жылдан бастап) шетелге емделуге кезекте тұрған пациенттердің өз елімізде емде­луіне жол ашылды. Жыл сайын трансплантациялар санын арттыра келе, қазақстандық гематологтар шетелде кеңінен тара­ған қан ауруларын емдеу мен диаг­ностикалаудың жаңа әдістерін енгізді. Олар: гемопоэтикалық бағаналық жасушалардың (донордан) аллагенді трансплантация­сы (сүйек кемігі), халықаралық тізілімге бірігу, шетел донорларын тарта отырып, туыс емес адамнан трансплантация жүр­гізу. Орта­лықта гематология бөлімшесі ашылғаннан бастап 200-ден астам сүйек кемігі трансплантациясы жүргізілді.

Орталықтың клиникалық қыз­ме­тіндегі негізгі басымдық­тардың бірін дамыту – гепатобилиарлы трансплантология, сондай-ақ, отан­дық денсаулық сақтаудың алдыңғы қатарлы кешенін ұсы­нады. Сонымен, 2011 жылы Ор­талықтың базасында елімізде алғаш рет тірі донордан бүйректі лапароскопиялық алу арқылы, 2012 жылы – елімізде тұңғыш рет өлі донордан ағзаларды (бүйрек, жүрек) мультиағзалық алу арқылы, 2013 жылы – алғаш рет өлі донордан бауырды ортоптикалық трансплантация арқылы ауыстыру және елімізде алғаш рет балаға тірі донордан бауырды трансплантациялау жүргізілген болатын. 2015 жылы тірі донордан бауыр трансплантациясы жасалды. Орталық құрылғалы бері 220-дан астам бүйрек трансплантациясы, 170 сүйек кемігі трансплантациясы, шамамен 100 тері және 20-дан астам бауыр трансплантациясы жүргізілді.

2015 жылы Қазақстан Респуб­ликасының тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар шеңберінде 220-дан астам трансплантация жүргізілген болатын. Ал 2015 жылғы 13 тамызда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен «ҰОТҒО» АҚ базасында гастроэнтерология және гепатология бойынша Республикалық үйлестіру кеңесі құрылды. Оның мақсаты – бауыр трансплантациясына мұқтаж пациенттерді іріктеу, оларға қолдау көрсету және бақылауға алу.

Орталықтың барлық (243) негізгі клиникалық мамандары АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Германия, Бельгия, Ита­лия, Швейцария және басқа да шетелдердің ең ірі медициналық орталықтарынан тағылымдамадан өтті. 2013 жылдан бастап біздің мамандардың тәлімгерлік етуімен 6 мамандық бойынша 60-қа жуық резиденттер бітіріп шықты.

Орталықтың жаңартылған материалдық-техникалық базасы және біздің мамандардың жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігі науқастардың денсаулығын тек­серуді жоғары деңгейде жүргізіп, ең ауыр клиникалық жағдайдағы ауруларды дигностикалау мен емдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Орталықта өз саласының білгірі, тәжірибесі мол және диагностика мен емдеудің әлем бойынша жетекші клиникаларында заманауи әдістерді меңгерген медицина ғылымдарының кандидаттары мен докторлары, жоғары санаттағы дәрігерлер қызмет жасайды.

Еліміздің барлық өңірі­нен телемедициналық конферен­ция­ның көмегімен жан-жақты ақыл-кеңес жүргізуде Орталықтың дәрі­герлеріне деген сұраныс өте жоғары. Сондай-ақ, мамандар көшпелі консультациялар өткізеді және біздің Орталықтың базасында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін республиканың әр өңірлерінен, оның ішінде нау­қастарды са­ни­тарлық авиация желісі бойынша жеткізе отырып, емдеуді жүзеге асырады. Орталық құ­рыл­ған кезеңнен бастап шамамен 1000-нан ас­там сырқат адамға медициналық кө­мек көрсетілді. Аурулардың алдын алу мақсатында да атқарылып жат­­қан жұмыс ауқымы да ай­тар­лықтай.

Мәселен, Қазақстан Рес­пуб­ликасы тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғына орай 2016 жылғы 21-23 қыр­күйек күндері «ҰОТҒО» АҚ  ха­лықты өз денсаулығына көңіл бө­луге бағыттау үшін және ауруды ерте сатысында анықтау үшін Ашық есік күнін өткізді. 750-ден астам адам Орталықтың жоғары санаттағы дәрігерлеріне қаралып, тегін ақыл-кеңес алды.

Қорыта айтқанда, «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ –  Қазақстан Республикасында және жеке клиникалық бағыттар бойынша Орталық Азия аумағында жетік мамандандырылған медициналық көмек көрсететін жоғары деңгейдегі қуатты, көп бейінді стационар. Басты мақсатымыз – халыққа қалтқысыз қызмет көрсету.

Нариман ТАБЫНБАЕВ,
«Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары